Зерттеушілер 20-ғасыр принциптеріне негізделген ШЫҰ-ны «жаңа әлемде артта қалып бара жатқан көне ұйым» деп бағалады.
«ШЫҰ-ның Орталық Азияда қауіпсіздік мәселесін нығайту үшін жасаған шаралары аймақтағы демократияның орнығуына кедергі келтіріп жатыр» дейді мәселені зерттеген Ричард Уейтц. Ол ШЫҰ-ның қысқа мерзім ішінде Еуразия құрлығындағы мемлекеттер арасында ықпалды ұйымға айналғанына таңданыс білдіреді.
«ІШКІ ІСКЕ АРАЛАСЫП ҚАЖЕТІ ЖОҚ»
Ұйымға мүше елдердің барлығында көптеген мұсылман қауымы тұрады. Совет үкіметі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерін мұсылман әлемінен ажыратып тастағанға дейін бұл елдердің тарихы исламмен тығыз байланыста дамып келген. Ресей мен Қытайда мұсылмандар азырақ тұрғанымен, болашақта олар ислам террористерімен байланысуы мүмкін деген мәселе Бейжің мен Мәскеуді алаңдатады деп жазады басылым.
Автордың зерттеуінше, ШЫҰ 2001 жылы құрылған кезде мұсылман елдері мүдделі болып отырған көптеген құндылықтарды қолдауға ықыласты болған. Алайда «өзара сенім, тепе-теңдік, ақылдасу және барлық өркениет ошақтарына құрметпен қарауға» келіскен ұйымның нақты қай бағытты дамытуға күш салатыны анықталмай, ақыры бұлыңғыр қалпында қалған.
Сарапшының ойынша, ШЫҰ елдерінің демократия құрудағы қимылдары да өзгеше. Ұйымға мүше елдер «мықты демократия орнатамыз» дегенімен, негізінен мемлекеттің өз ішінде емес, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас саласында ғана өзгерістер жасап жатыр. Олар бір-бірінің өкілдерін БҰҰ-да қолдауға, бір-бірінің ішкі ісіне араласпауға келіскен. Ұйым мүшелері «Тарихи процесс кезінде қалыптасқан салт-дәстүр айырмашылықтары, саяси және әлеуметтік жүйе, құндылықтар мен даму бағыттары мүше елдердің бірі бірінің ішкі ісіне араласуына себеп болмауы керек. Әр ел даму жолын өзі таңдайды» деп есептейді.
Мақала авторы ШҰЫ-ның әр кез «бір-бірінің ішкі ісіне арласпау» мәселесіне аса қатты мән беріп, осыған орай бірнеше рет бас қосып келіскенін айтады. ШЫҰ елдері Батыстың адам құқықтарына қатысты айтқан сыны мен айыптауларын «біздің тәуелсіздігімізге қол сұғу» деп қабылдайды. Басылым «Украина мен Грузиядағы президент сайлауы кезіндегі төңкерістен соң ШЫҰ елдері сайлау барысын бақылайтын жеке кадрларын дайындауға көшті» деп жазады: «Осының арқасында ТМД-ның мүдделес елдері Батыс бақылаушыларының сындарын елемей, Орталық Азияның автократ басшыларына қолдау көрсетіп, әділетсіз сайлау өткізіп, олардың билігін заңдастырып келеді».
«ЕСКІ ҚАТЕЛІККЕ ҚАЙТА ҰРЫНУ»
Басылым ШЫҰ-ның «көрші елдің ішкі ісіне араласпау» туралы жобалары 20-ғасырда дәл осындай мүддеге мұқтаждықтан құрылып, бұл күндері сол идеяларынан бас тартып жатқан Араб лигасы, Ислам конференциясы ұйымы, тағы басқа халықаралық институттарды еске салады деп жазады.
Мақала авторының ойынша, ШЫҰ өзге проблемаларға қарсы бірлесіп күресу үшін де ынтымақтасып жатыр. Оған дәлел – ұйымға мүше елдер ұйымдасқан қылмыс пен есірткі саудасына қарсы күресетін бірнеше бастама көтерген. Ұйым мүшелері 2005 жылы табиғи немесе адам қолымен жасалатын апаттар мен жұқпалы ауруларға қарсы бірлесіп күресу жайлы да жаңа жобаларға қол қойған.
«Ұйым мүшелері арасында мәдени байланысты жақсартып, әр түрлі ұлттар арасындағы қатынасты дамытатын көрмелер өткізу жайлы да жобалар бар, бірақ ол жобалар қарқынды түрде іске асып жатқан жоқ» дейді сарапшы.
Сарапшы ШЫҰ-ға мүше елдердің өзара экономикалық және энергетикалық мүдделеріне тоқталып, осы саладағы жетістіктері мен кемшіліктерін де талдаған. «Орталық Азия елдері Қытайдағы инвестициясы мен тауарына біржола тәуелді боп қалудан қауіптенеді. Бейжің де олардың осы қаупін күшейтіп алмас үшін өте сақ қимылдайды. Ал Мәскеу Орталық Азиядағы энергетикалық ресурстардан айрылып қалмау үшін Бейжіңге мейлінше кедергі келтіріп жатыр» деп пайымдайды автор.
«ЭКСТРЕМИСТЕРГЕ САЯСИ БАСПАНА БЕРІЛМЕЙДІ»
Басылымның жазуынша, ШЫҰ үшін ең маңызды құжаттар – ұйымның қауіпсіздігі үшін жасалған келісімдер. Ұйым 2001 жылы бас қосқанда «терроризм, сепаратизм, діни экстремизмге қарсы бірлесіп күресу» бастамасын көтерген. Бұл келісім жасалардан бұрын Талибан үкіметі Өзбекстандағы исламшылдарға, Қытайдағы ұйғыр сепаратистері мен Ресейдегі шешен экстремистеріне әскери көмек көрсетіп жатқан. Арада үш жыл өткенде ШЫҰ мүшелері Ташкент қаласында кездесіп, терроризмге қарсы күресте ұдайы ақпарат пен тәжірибие алмасып отыруға, осы бағыттағы жобаларды дамытуға келісті. Діни ұйымдарды қаржыландыратын жолдарды да жабуға кірісті.
ШЫҰ 2005 жылдың шілде айында террорист деп танылған ешбір адамға саяси баспана бермеуге уағдаласты. Осыдан соң ұйымға мүше елдер террористердің ядролық қаруды қолға түсіруіне, контрабандалық жолмен қару-жарақ тасуына тосқауыл қоюға кірісті.
Басылым соңғы 10 жыл ішінде ШЫҰ-ның діни экстремизмге қарсы күрес жоспарларына, соған байланысты қабылданған қарарлар мен жобалар хронологиясына мұқият шолу жасаған. Сарапшы «Талибанның қайтадан күшеюі, Қырғызстандағы тұрақсыздық, Шешенстандағы соғыс пен Батыс Қытайдағы қақтығыстар ШЫҰ-ның терроризмге қарсы күресті күшейтуіне түрткі болды» дегендей байламға келген.
Алайда ұйымның ықпалды мүшелері осы себепті сылтау қылып, ұйымның бұған дейін жеткілікті жеміс бермеген экономикалық, мәдени, энергетикалық саладағы байланыстарын да нығайтып алғысы келеді. «Ислам террористеріне қарсы күресу ұйым мүшелеріне пайдалы болуы мүмкін, алайда бұл олардың Араб әлемімен жақсы қатынаста болуына кедергі келтіреді. Қазір ол аймақтарда «Араб көктемі» болып, Таяу Шығыс диктаторлары тақтан құлап жатқанда ШЫҰ-ның мына әрекеті көнерген тәсіл болып көрінеді» деп ой түйеді зерттеуші.

...ШЫҰ елдері сайлау барысын бақылайтын жеке кадрларын дайындауға көшті.

Таяу Шығыс диктаторлары тақтан құлап жатқанда ШЫҰ-ның мына әрекеті көнерген тәсіл болып көрінеді.