BBC әлемдегі азық-түлік жетіспеушілігіне байланысты «15 секунд сайын бір бала аштан өледі» деген мәліметті зерттеген. Ал Daily Telegraph Ұлыбритания балаларын интернеттен құтқару мәселесін қозғайды.
BBC агенттігі маусымның 18-і күні аштан өлетін балалар жайында мақала басты. Мамандар аштықтан болатын балалар өлімі статистикасын қайта қарастырып жатыр.
ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ «СЕКУНД СТАТИСТИКАСЫ»
Агенттік қайырымдылық ұйымдарының «әлемде 15 секунд сайын бір бала аштан өледі» деп дабыл қағып отырғанын хабарлайды. Олар әртүрлі акциялар өткізу арқылы бұл мәселеге ірі-ірі сегіз мемлекет басшыларының назарын аударғысы келеді.
Аштық мәселесіне «Үлкен сегіздіктің» назарын аударуға тырысқан белсенділер кампаниясының атауы да ерекше. Ол «Барша адамға тамақ жетеді, егер...» (Бұдан ары – «Егер») деп аталады. Олар «Жер бетінде барша адамға жететін азық-түлік бар, бірақ ол неге жетпей жатыр?» деген сауал қояды.
Осы кампания аясында видеороликтер де түсірілген. Соның бірінде комедия актері Эдди Иззард «4 минут сайын 4 бала аштан өледі» дейді. Бұдан бөлек те ақпараттар таратылған. Соның бірінде «15 секунд сайын бір бала аштан өледі» деген де ақпарат бар.
BBC тілшісі «Осы ақпараттар қаншалықты анық?» деген сауал қойып, зерттеу жасап көрген. Агенттік балалар өліміне байланысты басқа да ұйымдардың зерттеуін қараған.
Агенттік Make Poverty History кампаниясы кезінде басқаша цифрлар айтылғанын мысалға келтіріп, «жоқшылық пен аштық кесірінен әлемде 3 секунд сайын бір бала шетінейді деген ақпарат тараған» дейді. BBC «Бала өлімін секундпен санау бірнеше жылдан бері әдетке айналғанын» да айтып өтеді.
Мәселен «Әлемде 10 секунд сайын бір бала аштан өледі» деген ақпаратты танымал әрі беделді The Lancet журналы жариялаған. Журнал таратқан дерек бойынша, «2011 жылы тойып тамақ ішпеудің кесірінен 3 миллион бала өлген».
Елдің назарын аударатын статистиканы есептеп шығу үшін «Егер» кампаниясын ұйымдастырушылар 3 миллион баланың өлімін жылдың әр секундына шаққан.
Кампания жетекшілерінің бірі Джек Лунди: «Миллиондарды елестетудің өзі қиын. Оны түсінікті етіп айтсақ, жекелеген адамдар да бұл проблемаға назар аударады. Сондықтан бізге адамдардың жанашырлығын оятатын қысқа да нұсқа сөз керек болды» дейді.
Агенттік «Балалар өлімінің 45 пайызы тойып тамақ ішпеуден болады. Жыл сайын 3 миллион 100 мың бала шетінейді. Жүкті ананың тойып тамақ ішпеуі мен нәрестенің алғашқы екі жылда тамаққа жарымауы баланың физикалық дамуын тежеп, оның түрлі ауруларға шалдығуына себеп болады. Қазірдің өзінде әлем бойынша 165 миллион бала физикалық тұрғыда қалыпты дами алмайды. Өсудің баяулауы балалардың интеллектуалдық танымын да тежейді» дейді.
BBC-дің дерегі бойынша, мұндай балалардың 80 пайызы әлемнің 20 елінде тұрады.
ӨЗГЕШЕ ПІКІР
BBC АҚШ-тағы денсаулық сақтау саласын зерттейтін Johns Hopkins Bloomberg мектебінің профессоры Роберт Блэктің де пікірін берген. «Балалар өлім-жітімі - азық-түлік жетіспеушілігінен емес, дұрыс тамақтанбаудан. Ондай өлімнің көбі соғыс немесе аштыққа ұрынбаған елдерде болып жатыр» дейді профессор.
«Мәселен, Үндістан мен Нигерияда, Азия мен Африканың басқа да елдерінде жаппай аштық жоқ. Бұл елдерде балаларды тамақтандыруға ресурстар жеткілікті. Мәселе тамақтану сауатының төмендігінде ғана. Нан мен крахмалы көп тамақтарды ғана жей беруге болмайды. Баланы алғашқы екі жылында дұрыс тамақтандыру керек» дейді ол.
«Азия мен Африкадағы кейбір елдердің мәдениеті бойынша әйелдердің отбасындағы мәртебесі төмен, олар тойып тамақ іше алмайды. Жаңа туған балалардың салмағы нормаға жетпей туады. Мәселен, Үндістанның кейбір аймақтарында сүт пен етке тыйым салынған. Ал кейбір елдерде жеміс пен көкөністің пайдасын білмейді» дейді Роберт Блэк. Оның ойынша, «бала өлімін болдырмау үшін бұл елдердегі тамақтану сауатын көтерсе жеткілікті».
BBC емшек сүтінің құнарсыздығынан ғана жыл сайын 800 мың бала көз жұматынын ескертеді. Агенттік бұл ақпараттарды The Lancet журналынан, World Food Programme (WFP - БҰҰ-ның халықаралық азық-түлік бағдарламасы) орталығынан алған.
КЕРІ УӘЖ
BBC агенттігі бала өлімі туралы әртүрлі ақпараттарды тексеру мақсатында БҰҰ-ның әлемдегі азық-түлік жетіспеушілігін жоюмен айналысатын WFP бағдарламасының мамандарына жүгінген. Олар бұл мәліметтерді растамаған.
WFP қызметкері Джейн Говард «Мұндай статистика расында да адам назарын бірден аударады. Бұл мәліметтер көптеген газеттерге шықты. Оларды жоққа шығару да қиын. Көрсетілген сандар адамның үрейін ұшырады. Бірақ санақта аздап қате бар» дейді.
BBC WFP-тің өзі де бір кездері «6 секунд сайын бір бала аштан өледі» деген статистика жариялағанын жазады. Бірақ БҰҰ 2008 жылдан кейін ол статистиканы айтуды доғарды. Говардтың айтуынша, бұл сандар жыл сайын өзгеріп тұрады. «Кейбір санақ адамды шатыстырады. Себебі интернеттегі көптеген санақтар қате. Тіпті ғылымның өзі дәл мәлімет бермейді» дейді ол.
Говард бала өлімін секундпен санау тәсіліне күмәнмен қарайды. «Сомалидегі сияқты балалардың аштан қырылатын кездері болды. Бірақ шындығында ол балалардың көбі аштан емес, нәресте кезінде құнарлы ас ішпегеннен әр түрлі ауруға ұшырап, содан қайтыс болды» дейді ол.
«Егер» кампаниясының басшысы Джэк Лунди бұл пікірмен келіспейді. «Аш бала үшін тойып тамақ ішу - өте маңызды проблема. Бұдан олар шетінеп те кетеді» дейді ол.
Кампания жетекшілері «Балалар тойып тамақ ішпегеннен өліп жатса да, «ашаршылық» сөзін қолданбауымыз керек пе?» деген уәж айтады. «Бала нашар су ішіп ауырады, ашқұрсақ жүріп, ақыры аурудан өледі. Біз оларды да «секунд статистикасына» қосуға құқылымыз» дейді олар.
ДАМЫҒАН ЕЛДЕГІ БАЛАЛАР ПРОБЛЕМАСЫ
Балалар проблемасына қатысты тағы бір мақаланы Daily Telegraph басылымы маусымның 18-і күні жариялады. Ол - дамыған елдердегі балаларды интернеттің жағымсыз ықпалынан құтқару туралы мақала. BBC материалы мен бұл мақаланы салыстыра отырып, балалар проблемасының әлемнің әр түкпіріндегі екі қырын көруге болады.
Daily Telegraph «мамандар балалардың интернеттен қажетсіз және анайы ақпараттар алып жатқанын, сондықтан олардың интернет пайдалану мүмкіндіктерін шектеу мәселесін көтергенін» жазған.
«Әлеуметтік өзгерістер интернетті ықпалды құралға айналдырды. Оның өте шапшаң дамығаны сонша, ауыздықтау мүмкін емес сияқты. Интернетте порнографиялық сипаттағы ақпарат тым көбейіп барады» деп жазады Daily Telegraph.
Мақала авторы «маусымның 18-і күні Ұлыбритания үкіметі интернет саласындағы компаниялар мен фирмалардың өкілдерімен осы мәселені талқылады» деп, мәселенің түрлі қырын көрсеткен. Жиында «Балалардың зиянды ақпараттардың ықпалына түсуі дұрыс емес. Соның кесірінен олар әйелдерге қатысты өте қатігез әрі арсыз ақпараттарды алады. Бұл балалардың жыныстық қатынас туралы ұғымдарын түбегейлі бұзып жатыр» деген уәждер айтылған.
«Интернеттегі порнографияны түгел жауып тастау мүмкін» деп ешкім айта алмайды, бірақ оларды көруді қиындатуға болады. Премьер-министрдің кеңесшісі, парламент депутаты Клэр Перри интернетке сұрыптау жүйесін ендізуді ұсынды» деп жазады Daily Telegraph. Ал Google және тағы басқа іздеу желілері «қауіпсіз іздеу» әдістерін кеңінен енгізген дұрыс» деген пікір айтқан.
Мақала «ата-аналар үшін де, саясаткерлер үшін де, интернет компаниялары үшін де балаларды интернеттен шектеу моралдық жағынан дұрыс болар еді» деп аяқталады.
Шолуды әзірлеген - Сағынай Кәрім