Әлемнің 26 еліндегі әйелдер арасында сауалнама жүргізген зерттеушілер тұрмыстық әлімжеттік Оңтүстік Азия мен Африка елдерінде көп болатынын айтады.
The Washington Post басылымында сәуірдің 30-ы күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мақала жарияланды. Онда АҚШ-тағы Мичиган университетінің өкілі Рэйчел Пьероттидің жаңа социологиялық зерттеу жүргізгені айтылады.
МӘДЕНИ ӨЗГЕРІС НӘТИЖЕСІ
«Ерлерінен зорлық-зомбылық көруі мәселесі бойынша 26 елдің әйелдері арасында сауалнама өткізілді. Сауалнама әлемде мәдени көзқарастың зорлықты терістейтінін, ал кейбір елдердегі жәбір көруші әйелдердің көбі отбасындағы зорлық-зомбылыққа көнетінін көрсетті» деп жазады мақала авторы Макс Фишер.
Пьероттидің сауалнамасында «Ері әйелінің ісіне ашуланса, мынандай жағдайлардың бірінде зайыбын ұрып-соғуға қақысы бар ма?» деген сауал қойылып, төмендегі бес түрлі жауаптың бірін таңдауды сұраған: 1. еріне ескертпей үйден шығып кетсе; 2. балаларына дұрыс қарамаса; 3. күйеуіне қарсы шығып, дауласса; 4. көңіл қосудан бас тартса; 5. тамағы күйіп кетсе.
Доминикан республикасында бұл сауалға жауап берген әйелдердің 95,54 пайызы «отбасындағы әлімжеттікке жол бермейміз» десе, эфиопиялық әйелдердің 17,84 пайызы ғана жұбайының қол көтеруіне рұқсат етпейді екен.
Басылымның жазуынша, 26 елдің 23-інде әйелдердің тұрмыстық зомбылыққа қарсы тұруы байқалған. Зерттеу қорытындысында «қалалық өмір, білім және ақпарат құралдары арқылы ғаламдық мәдени үлгіні байқаған әйелдер ерінің зорлығына жол бермейді».
The Washington Post зерттеу материалынан мынадай үзінді келтіреді: «22 елдің қалада тұратын әйелдері жұбайының зорлығына жол бермей, басқа да факторларды бақылауда ұстайды. Кем дегенде мектеп бітірген әйелдер де өз құқығын қорғай алады. Жоғары білім алғандардың мүмкіндігі одан да артық. Баспасөз құралдарын оқитын 14 елдегі әйелдер ерлеріне қол көтертпейді».
Пьеротти «отбасылық зорлық-зомбылықтан бас тарту – ең алдымен мәдени өзгерістің жемісі» дейді.
Автор «мұсылман елдерінде әйелдердің жағдайы нашар» деген көзқарастың біржақты екенін айтады. Египет, Түркия және Иорданияның арасындағы айырмашылыққа нұсқаған автор «Гендерлік теңдік пен әйелге қарым-қатынас Таяу Шығысқа қарағанда Оңтүстік Азия мен Африка елдерінде (Оңтүстік Сахарада) нашар деңгейде» деп жазады.
ОТБАСЫЛЫҚ ӘЛІМЖЕТТІККЕ ҚАРСЫ КАМПАНИЯ
Ал The Daily Telegraph басылымы Сауд Арабиясында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы кампания басталғанын жазады.
Дэвид Блэрдің сәуірдің 29-ы күні жарияланған мақаласында сол көзі көгерген, ниқаб киген әйелдің бейнесі Сауд Арабиясында әлеуметтік жарнама ретінде көрсетілгені жазылады. Жарнамада: "Кейбір нәрсені бүркеу мүмкін емес" деген сөздер бар. Автордың айтуынша, шариғат заңына сай өмір сүруді мақсат еткен корольдікте әйелдер қауымы әкесі немесе ерінің рұқсатымен ғана әрекет етеді. «Олар саяхаттау, жұмыс істеу, оқу, тұрмыс құру, тіпті банктен есепшот ашу үшін ер адамның рұқсатын алады. Әйелдердің барлығы қамқоршы еркекке толықтай тәуелді болғандықтан, отбасындағы жәбір көрсету үнемі өзекті мәселе болып келді» деп жазады ол.
Басылым «1975-82 жылдары билік еткен король Халидтің атындағы қор «Енді жәбір көрсетуге жол жоқ» деген кампания бастады» деп хабарлайды. Әдетте корольдіктің ішкі әлеуметтік мәселелерді мойындағысы келмейтінін айтқан автор «Қордың мәлімдемесінде Сауд Арабиясында ерінен қорлық көрген әйелдер ресми деректен әлдеқайда көп екені айтылған» дейді.
Жасы 90-ға келген король Абдалланың сақ реформатор екенін ескерткен басылымның пікірінше, «Король әйел адамды министр етіп сайлап, діни полицияны ықпалды жетекшілерінен тазалап, экстремистердің қаһарына іліккен. Оның отбасындағы зомбылыққа қарсы кампанияға рұқсат етуі – осы жолдағы саналы қадамы».