Мәжіліс "Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң жобасын талқылады. Депутаттар оның кей тұсын сынағанымен, құжатты алғашқы оқылымда мақұлдады. "Қоғамның талабымен" әзірленді деп айтылған жоба халық несібесінен желінген байлықты орнына қайтара алатынына күмәнданатындар көп.
Алматыда сот Қаңтар оқиғасы кезінде қала тұрғыны Жасұлан Анафияевты уақытша ұстау изоляторында азаптап өлтірді деп айыпталған жеті полицейге бес жылдан 10 жылға дейін түрме жазасын кесті. Бұл – Қаңтар оқиғасынан кейінгі азаптау оқиғалары бойынша полицейлерге берілген ең ауыр жазаның бірі.
"Билікті күшпен басып алмақ болды" деген күдікке ілінген 30 адамның аты-жөні белгілі болды. Бірі университет оқытушысы болса, екіншісі – "Шекара" қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Ұсталғандар арасында қырғыз президенті Садыр Жапаровтың бұрынғы жақтасы да бар. Оны көбі "ресейшіл белсенді" деп атайды.
Қазақстанда коммунистік идеологияның ескерткіштері Совет Одағы кезіндегіден әлдеқайда азайғанымен, әлі де кездеседі. Тоталитаризм мен отаршылдық символы іспетті бұл ескерткіштерден арылу керек дейтіндер де, кейінгі ұрпақ сабақ алуы үшін қалғаны дұрыс деп есептейтіндер де бар.
Украинада су электр станциясы жарылып, мыңдаған тұрғын көшіріліп жатыр. Жүзге жуық елдімекенге су кірген. Днепр өзенінің жоғары жағында орналасқан Атом электр станциясына да қауіп төнуі мүмкін екені айтылды
Қазақстан Конституциясына өзгеріс енгізген референдумға 1 жыл болды. Не өзгерді? Тұрғындар пікірі.
Жамбыл облысы Шу қаласының тұрғыны Ұлан Жексенов "полиция қызметкерлері жабылып ұрып, пышақ сұқты" дейді. Жексебаев қалалық аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Куәгерлер "бұл қылмысқа бірнеше полицейдің қатысы бар" дейді.
Қазақстандық БАҚ-та шыққан Назарбаевтың күзеті туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мәжіліс экс-президентті Мемлекеттік күзет қызметінің қорғай беретінін нақтылады.
2 маусым – Халықаралық тамақтану әдетінің бұзылуымен күрес күні. Өскемен тұрғыны Арина Атаева Азаттыққа булимияны қалай жеңгенін әңгімелеп берді. 10 жыл бұрын бойжеткеннің тамақтану әдеті бұзылып, бұл диагнозбен күресі бес жылға созылған.
Қазақстан ҰҚШҰ қызметімен байланысты үш құжатты ратификациялады. Келісім Ресейге әскери көмек беруге итермелемей ме? || Балаларды қорғау күні Киевке шабуыл жасалып, үш адам қаза тапты. || Қаңтарда көз жанарынан айырылған, түрмеде азап көрген Ермек Әбдірешовтен билік ресми кешірім сұрады.
Жамбыл облысындағы бүтін бір ауыл алдағы жексенбіде өтетін әкім сайлауына бойкот жариялады. Олар "саяси науқанда аудан әкімдігі өзі қалаған кандидатты өткізіп, жергілікті үміткерлерді аяқтан шалып отыр" дейді. Әкімдік мұны жоққа шығарады.
Elge Qaitaru қоғамдық қоры қазір мәжілістің қарауында жатқан "Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы" заң жобасына наразы. Олар жоба осы күйі қабылданса, билік елге берген уәдесін орындай алмайды деп есептейді.
Азаттық құқық қорғаушы Роза Ақылбековамен сөйлесіп, "Баласын ұрып жатқан ата-ананы көрсеңіз, не істеу керек?", "Вакцинациядан бас тарту бала құқығын бұза ма?", "Балалардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салуға бола ма?" деген сұрақтарға жауап іздеді.
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Азаттық Қазақстанның бірнеше өңірін аралап, бала кезінде ауыр зұлматтың зардабын тартқан қариялармен тілдесті. Олар жоқшылықта ер жетіп, бозбала шағында соғысқа аттанған. Азаттық режиссер Райхан Рахымның фильмін ұсынады.
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні Алматыда белсенділер жиналады деген саябақ маңында таңертеңнен бастап қауіпсіздік шарасы күшейді. Ол жерде интернет өшіп қалды. Шеруге қатыспақшы болған белсенділерді полиция үйден шығармай қойған соң, акция өтпей қалды.
Рысбек Сәрсенбайұлына "тіркелмеген қоғамдық бірлестікке заңсыз басшылық етті" деп, 345 мың теңге айыппұл салынды. Оған саясаткердің "Халық парламенті" деген топтың жиналысына қатысқаны себеп болған. Сәрсенбайұлы "судья келтірген дәлелдерімді ескермеді, қойған талаптарымды орындамады" дейді.
Былтыр Тәжікстанда сот орындары өмір бойына түрмеге қамау жазасын алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге жуық жиі қолданды. Жазаға ілінгендердің көбі – Таулы Бадахшан өңірінде үкіметке қарсы жаппай наразылықтан кейін жауапқа тартылғандар. Билік оларды жазықсыз соттады деп есептейді туыстары.
Жамбыл облысындағы Құлан ауылын қоңыз басты. Оған ауыл ортасында тұрған қамба себеп. Астық жинайтын жердегі жәндік ауылға тарап, халықты бірнеше айдан бері әбігерге салған. Жергілікті билікке жолданған арыз-шағымнан нәтиже жоқ.
Тағы