Тамыздың 27-іне қараған түні Тараздағы УЧР ЖД 158/2 жалпы режимдегі колониясында қамаудағылардың ондаған жақындарын полиция соққыға жығып, сотқа тартты. Олар "полицияның дегеніне бағынбады" және "заңсыз жиын өткізді" деп айыпталып отыр. Заң орындары олар түрмені басып алуға әрекеттенді дейді.
Маңғыстауда ереуілдеп жатқан мұнайшыларға барып, кәсіби көмек көрсетіп қайтқан тәуелсіз заңгер Жиынбек Рәбілұлы жұмысшылардың заңды білмейтінін, жұмыс берушінің заңды бұзатынын айтады.
Оқушылардың үш ай демалысы да аяқталып келеді. Азаттық радиосы мектеп жасындағы балалар жазғы демалыстарын қалай өткізіп жатыр деген сауалға жауап іздеген еді. Қазақстандық балалардың көпшілігі ата-анасына қолқабыс жасап, жұмыс істеген болып шықты.
Қазақстан телеарналарында қазақ тіліне аударылып көрсетіліп жатқан шетелдік телехикаялардың сапасы алақұла. Олардың адамның көңіл-күйі мен күнделікті тұрмысына тигізетін әсері де әртүрлі.
Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 165 жыл толды. Осыған орай Абайды еске алған жұрт оның ескерткішінің алдында ақын шығармаларын оқып, Абайдың өлеңдерін және өздерінің ақын рухына бағыштаған арнауларын оқыды. Бірақ көбісі ескерткіштен ойшыл ақын емес, батыр кейпін көретіндерін айтып отыр.
«Темір банкпен» соттасып жүрген Жамбыл Төлегеновті шілденің 31-інде Алматыда бейтаныс кісілер соққыға жыққан. Төлегенов пен оның серіктері бұған банктың қатысы бар ма деп күдіктенеді. Банк ондай болжамды жоққа шығарады.
Сотта ісі қаралып жатқан бұрынғы вице-министрдің жәрдем сұраған хаты туралы «Свобода слова» газетінің жазғанын айыпкердің қорғаушысы жоққа шығарды. Редакция хат мәтінін сараптамаға беруге әзір екендігін айтады.
Совет әскерінің Ауғанстанға басып кіргеніне 30 жыл толды. Сол армияның қатарында осы соғысқа Қазақстаннан қатысқан 22 мың адамның 900-ден астамы жат елде қаза тапқан еді.