Тунисті 23 жыл басқарған Зин әл-Әбидин Бен Әлиді елден аластап, Египетті 30 жыл билеген Хосни Мүбәрәкті тақтан тайдырған наразылық шеруі көрші мемлекеттерге де «жұқты».
2011 жылғы сәуірдің 3-і өтетін сайлауда президенттіктен үміткер үш адам мемлекеттік тіл бойынша сынақ тапсырып үлгірді. Бұлардың ішіндегі екі үміткер емтиханнан өтсе де, өтпесе де наразы күйі қалып отыр.
Президент Назарбаев өзінің өкілетін 2020 жылға шейін ұзарту жөнінде Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты республикалық референдум өткізу туралы ел парламентінің ұсынысын қабылдамады. Келесі жүріс – парламенттікі.
Қарашаның 16-ы Қазақстанның мұсылман халқы Құрбан Айт мейрамын тойлап жатыр. Тарихы Ибраһим пайғамбардан бастау алатын құрбан шалу рәсімінен бөлек Алматы мен Астанада соңғы бірнеше жыл ішінде тағы бір жаңа дәстүр пайда болған сияқты. Ол орталық мешітте президент Назарбаевты күту деп аталады.
Қазақстан президентінің «жемқорлықпен күресте баспасөз құралдарының арандатуына назар аудармау керек» деген тапсырмасы мен қазақ жазушысының «арандатушы ақпарат құралдарына» деген ашу-ызасы ерекше үйлесім тапты.