Иран парламентінде шетелге сапар шегетін әйелдің күйеуі, әкесі, ағасы, болмаса атасы рұқсат бермесе, паспортын тәркілейтін жаңа заң жобасы талқыланып жатыр.
Тегеран шетелдегі ирандық журналистерге олардың елдегі қаржы шоттарын жабу және Ирандағы туыстарын қорқыту сияқты тәсілдерді қолданып отыр.
Иранда саяси карикатурашы болу оңай емес. Арты дауға айналған бір суреттің өзі-ақ сізді түрмеге жабуға жетерлік себеп. Иранның карикатура салатын суретшісі Мана Нейестани мұндай қауіп барын жақсы біледі. 2006 жылы оның салған бір карикатурасы жұрттың толқуына түрткі болып, соның кесірінен ол Тегерандағы «Евин» түрмесіне қамалған.
Иран билігінің спутник табақшалары арқылы телерадио хабар алуға тыйым салып, табақшаларды тәркілеу кампаниясы сәтсіз аяқталғанға ұқсайды. Тегеранда жасалған соңғы сауалнама бойынша қала тұрғындарының үштен екісі әлі спутник табақшасы арқылы шетелдік каналдарды көріп, тыңдап отыр.
BBC-дің парсы қызметінің журналисін Иран қауіпсіздік қызметі интернет арқылы тергеуге алған.
Иранның ядролық нысандарына сырттан соққы жасалу ықтималдығы күшейген сайын қарапайым халық «Батыспен арадағы әскери қақтығыста зардапты біз шегеміз» деп қатты абыржып отыр.
Иран билігі ислам революциясы болған отыз екі жылдан бері азаматтарының көңіл көтеріп, ойын-той өткізуіне қарсы күрес жүргізіп келеді. Ол күресте көп адам құрбан болды. Сарапшылар мұның астарында ел билігінің халықты өз ырқында ұстау саясаты жатыр деп есептейді.
Иран парламенті “Отбасын қорғау туралы” заң жобасын талқылауға шығарып отыр. Ол заң қабылданса, ирандық ер азаматтарға бірінші әйелінің келісімінсіз тағы әйел алуға жол ашылады. Құқық қорғаушылар бұл заң ирандық әйелдердің құқығын аяқасты етеді деп сынап жатыр.