Accessibility links

Иранның қауіпсіздік қызметі BBC тілшісін тергеді


Иран лидері аятолла Әли Хаменеи Тегеран университетіндегі жұма намаз кезінде уағыз айтып тұр. 3 қаңтар, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Иран лидері аятолла Әли Хаменеи Тегеран университетіндегі жұма намаз кезінде уағыз айтып тұр. 3 қаңтар, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

BBC-дің парсы қызметінің журналисін Иран қауіпсіздік қызметі интернет арқылы тергеуге алған.


Иранның қауіпсіздік қызметі және революциялық күзет корпусының қызметкерлері (ИРКК) BBC-дің Лондонда орналасқан парсы қызметінің тілшісін ақпанның 2-сінде «Иран Грин Войс» оппозициялық веб-сайтында жариялаған баяндамасына қатысты интернет желісі арқылы тергеуге алды.

Баяндамада ИРКК басшылары тілшінің ұсталған туысының электронды поштасындағы ақпараттарды пайдаланып тілшімен байланысқа шыққаны, бірақ
Батыс Лондонда орналасқан BBC телеарнасы кеңсесі. 6 қазан, 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Батыс Лондонда орналасқан BBC телеарнасы кеңсесі. 6 қазан, 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
BBC журналисіне сіңілісінің ұсталып, Тегерандағы «Евин» түрмесінде отырғаны қауіпсіздік қызметкерлері байланысқа шыққанға дейін айтылғаны сөз болады.

ИРКК қызметкерлері Лондондағы BBC тілшісіне «әуелі бізбен сөйлескеніңде сіңіліңді ендігі босатып жіберетін едік» деген.

ИРКК-нің назарына іліккен BBC тілшісі қауіпсіздік қызметкерлерімен интернет арқылы тілдесуге келісім бермес бұрын BBC-дің парсы қызметі бастығымен ақылдасып, «Иран Грин Войс» сайтындағы баяндамада ешкімнің аты аталмағанын айтқан еді.

Интернет арқылы тергеу тілшінің Лондондағы үйінде 40 минутқа созылған. Тергеу барысында ИРКК қызметкерлері тілшінің түрін көріп отырған, алайда тілшіге тергеген кісілердің бейнелерін көрінбей, тек олардың дауыстары ғана естіліп тұрған.

Онлайн арқылы BBC журналисінен жауап алған соң ИРКК оның сіңілісін қамаудан босатқан.

Осы оқиғамен жақсы таныс екі ақпарат көзі бұл хабарды Азаттық радиосына растады. BBC-дің парсы қызметінің директоры Садиқ Саба Азаттық радиосына «BBC-дің парсы бөлімінің қызметкерінің туысын Иран билігі Лондондағы журналистке қысым көрсету үшін Тегеранда қамап тастады» деген болатын.

«Жақынын қамау арқылы Иран қауіпсіздік қызметкерлері BBC-де жұмыс істейтін тілшіге қысым көрсеткен»
Ол қауіпсіздік мақсатында бұл мәселені одан ары талқылай алмайтынын айтқан. Алайда Садиқ Саба «бұл бір ғана жағдай емес» дей келе:

- «Өткен айларда Иран үкіметі BBC-дің парсы бөлімінде істейтін тілшілердің бірнешеуінің отбасына қысым көрсеткен. Отбасы мүшелерін сұрақтың астына алған, енді бірде олардың паспорттарын тәркілеген. Мұндай шаралар Иранда бірнеше айдан бері жүріп жатыр. Таяуда BBC-дің парсы бөлімінде жұмыс істейтін қызметкердің жақын туысын қамап тастады. Жақынын қамау арқылы Иран қауіпсіздік қызметкерлері Лондонда BBC-де жұмыс істейтін тілшіге қысым көрсеткен, - деді.

«Иран полициясы мен басшылары Лондонда тұратын BBC журналистерінің Ирандағы туыстарын қамап, қорқытып, тергеумен BBC-дің орталық кеңсесінің мазасын алды» деп, BBC басшылары 2011 жылдың қыркүйек айында хабарлаған болатын.

BBC жаңалықтар бөлімінің директоры Питер Хоррокс «10 тілші осындай қоқан-лоққы түрлерін бастан кешті» деді.

Сабаның ойынша ирандық шенеуніктер BBC-дің штаттағы тілшілерін жұмыстарын тастап кетуге мәжбүрлеп жатыр. Саба олардың осы әрекеттерін «жиіркенішті» іс деп атады.

«Иран басшыларына BBC-дің ақпаратты беру тәсілі жайсыз тиетін болса керек, сондықтан олар BBC-дің парсы бөліміндегі қызметкерлерді қорқыту арқылы
Иран президенті Махмұт Ахмадинежад парламентте бюджетті таныстырып тұр. Тегеран. 1 ақпан, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Иран президенті Махмұт Ахмадинежад парламентте бюджетті таныстырып тұр. Тегеран. 1 ақпан, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
жұмыстарын тастатқысы келеді. Иранның қолданып жатқан бұл тәсілдері - әсіресе отбасы мүшелерін қорқытуы - қазіргі өркениетті заманда ақылға сыймайтын нәрсе» деді ол.

Ол сонымен қатар BBC жұмысын жалғастыра беруге дайын екенін, одан бөлек өзі «адамшылықтан жұрдай» деп баға берген Иранның осы оғаш әрекеттерін Еуропа Одағы пен құқық қорғау ұйымдары арқылы айыптап, оларды жауапқа тартудың жолдарын BBC-дің қарастыра беретінін айтты.

Иранның қауіпсіздік қызметінің әрекеттерінен бұдан бұрын да азаматтардың, саясаткерлердің туған-туыстарын қорқытып-үркіту тәсілдері байқалған болатын.

Жақын туыстарының «қылмыстық ісі» туралы ақпаратты жариялағандар да Иран үкіметінің қырына ілінетіні өткен жылдың желтоқсан айында байқалған еді.

Адам құқықтары үшін белсенді түрде күресіп, сотталып кеткен құқық қорғаушының анасы БАҚ-та баласының ісі туралы сұқбат бергені үшін 23 айға бас бостандығынан айырылған.
XS
SM
MD
LG