Шымкент қаласының іргесіндегі Құрсай ауылында әлі күнге заман талабына сай мектеп жоқ. Сондықтан мұндағы мектеп үй жалдап, оқушыларды сонда оқытуға мәжбүр. Бар мектептің өзі заман талабына сай емес.
Шымкенттің шығыс бөлігіндегі «Нұртас» ықшамауданына әлі күнге дейін жарық тартылмаған. Жарықты былай қойғанда, ең басты тіршілік көзі – су да жоқ. Ықшамауданда емхана да салынбаған. Балалар ең жақын мектепке жету үшін жаяулап сегіз шақырым жол жүреді.
Cенбі күнгі Жамбыл облысындағы жол апатынан құрбан болғандар саны 21-ге жетті. Бес жасар сәбидің мәйітін апат орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар тауып алған. Марқұмдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді, екі көлікке де трассологиялық сараптама жүргізіліп жатыр.
Cенбі, шілденің 31-і күні шамамен таңғы сағат 4-те Жамбыл облысы аумағында ірі жол апаты болды. Жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, толығымен жанып кеткен. Екі көліктің жүргізушісімен қоса 18 жолаушының көз жұмғаны хабарланып отыр.