Қазақстанда күйеуінің қолынан қаза тапқан тағы бір әйелдің өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Іле-шала депутаттар тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң ережесін қатаңдатуға кірісті. Мемлекет бұл мәселеде әйел құқығын қорғайтын топтармен бірлесе отырып жұмыс істеудің орнына, олардың қызметіне кедергі жасады. Мұндай қарқынмен елде әйел қауіпсіздігі күшейе ме?