Қазақстан парламенті сенатының депутаты Мұрат Мұхаммедов үкіметке 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандардың саяси-құқықтық мәртебесін анықтайтын заң жобасын дайындау жөнінде ұсыныс жасады.
Биыл кеншілердің кәсіби мерекесі аталып өтілмеді. Оған Күзембаев атындағы шахтада болған жарылыс себеп болып отыр. Кейбір шахтерлер бұл шешімге қарсы. Олар жыл сайынғы жеңілдіктен қағыламыз деп қауіптенеді.
Ақтөбе облысы Алға ауданы №3 қазақ орта мектебінің түлегі Әйгерім Асқарова ұлттық бірыңғай тест барысында Қазақстан тарихы пәнінен бір ұпайды кем алған еді. Ол өз жауабы дұрыс екенін дәлелдеп, екі айдан соң «Алтын белгі» иегері атанды.
Бұл туралы Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) мен Әлемдік банк тобының біріккен баяндамасында жарияланды. Баяндамаға сәйкес Қазақстан жаңа кәсіпорын құруға арналған заңдарды тиімді түрде жетілдіре білген.
Бақылаушылардың бағалауынша, Қазақстанда кәсіпкерлік деңгейі өсе түскенімен, шағын бизнес субьектілерінің аяғына тұсау салатын түрлі кедергілер де азаймай отыр. Кәсіпкерлер елдегі салық кодексіне өзгертулер енгізу керек деп есептейді. Елде шағын және орта бизнестің дамуын қолдайтын немесе тежейтін факторлар қандай?
Маусымның 22-cі күні Ақтаудағы қатаң режимді колониядан қашқан кезінде оққа ұшқан тұтқындардың бірінің әкесі, Қордай аудандық мәслихатының депутаты Біржан Әлімбет баласының өліміне діни топты кінәлап мәлімдеме жасады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың заңды түрде «Елбасы» мәртебесін иеленгеніне көп болған жоқ. Ал «елбасы» сөзінің мағынасы мен аудармасы туралы пікірлер алуан түрлі. Осы сөзді қолданысқа енгізуге тікелей қатысы болған газет редакторының да өзіндік айтары бар.
Алматы ауыр машина жасау зауытының жұмысшылары мен кәсіподағы және акционерлері президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің бауыры Болат Назарбаевты жөнге салуға шақырған өтінішпен қайрылмаққа бел буды.
Ұлыбританияға оқуға барып келген алматылық тағы бір балаға А/Н1N1 вирусы жұққаны анықталды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына доңыз тұмауының ошағы бар елдерге сапар шегуден бас тартуға кеңес беріп отыр.