Алакөлде қатты жел тынбай соғатын кез таяды. Көл жағалауы белдеуін су шайып кетуі кесірінен ондаған үй су астында қалуы мүмкін. Билік үй қожайындарына баспанасын сақтандыруға кеңес береді.
Тұтқындау кезінде оққа ұшқан талдықорғандық Дмитрий Яковенко ісі бойынша екі полицей ұсталды. Бірақ қаза тапқан жігіттің туыстары «кінәлілер бұдан да көп» деп мәлімдейді.
Алматы облысы билігі Мойнақ ауылы тұрғыны Рысбек Досанға ЖОО-да оқу мүмкіндігін беріп отыр. Бұрын әкімдік бұл отбасы табысы төменгі күнкөріс шегінен 10 доллар асып кетті деп грант беруден бас тарқан.
Азаматтық құқық қорғаушылар мен белсенділер халықаралық ұйым өкілдерінің қолдауымен өздерінің қауіпсіздік коалициясын құрды. Олар «негізгі қатер - биліктен» деп мәлімдеді.
Алматы облысы Текелі қаласы кей тұрғындары мәрмәр өңдейтін кәсіпорынды қала сыртына көшіруді талап етеді. Олар «қаланы шаң басты, шудан құлақ тұнады» десе, кәсіпорын басшысы «шағым ойдан шығарылған» дейді.
Талдықорғанда «ұстау кезінде шабуыл жасады» деп полицей атып өлтірген Дмитрий Яковенконың жақындары наразылық шарасын ұйымдастырды. Олар «елдегі полиция коррупцияға батқан» дейді.
Билік Алматы облысындағы тұрмысы нашар түлекке ЖОО грантын бөлуге уәде еткен. Бірақ енді оған «отбасы кірісі ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 10 доллар асып кеткен, грант берілмейді» деп мәлімдеген.
Талдықорған тұрғыны өзін тұтқындамақ болған полиция қызметкері қолынан оққа ұшты. Полицияның айтуынша, жігіт қарсылық танытып, патрульге пышақ кеземек болған. Оқиғаның кейбір куәгерлері мұны терістейді.
Алматы облысында тұратын екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында берілген уәденің орындалуын талап етеді.
Талдықорған сотында пара алды деп айыпталған қалалық жол полициясының бұрынғы басшысының ісі қаралып жатыр.
Алакөл маңындағы туристік базаны келушілердің азаюы алаңдатып отыр. Демалушылардың "үштен бірге дейін кемуін" кәсіпкерлер үкіметтің жаңа қаулысымен байланыстырады.
Алматы облысында субсидия алған кейбір шаруашылықтарды тексеруден соң бес қылмыстық іс қозғалды. Ал фермерлер мемлекет көмегін алудағы бюрократиялық кедергілерге шағым айтады.
Сотталушылардың біреуі – 1 жыл 6 ай, қалған төртеуі 1 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталғандардың көбі діни экстремизмге қатысы барын мойындамады.
Алматы облысы Панфилов ауданы фермерлері өнім сапасы төмен болып, былтырғы жүгеріні сата алмай отыр. Фермерлер «ескі өнімді сата алмай жатып, егіске қалай дайындаламыз» дейді.
Талдықорғанда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен екі серігінің өліміне қатысты алдын-ала сот тыңдауы өтті. Негізгі сот отырысы 22 қаңтарда Қаскелеңде болады.
Алматы облысында тұратын зейнеткер Қани Әйпиев Италияда өтетін марафонға қатысу үшін демеуші іздейді. Қарт спортшының жол шығынына 2 мың доллар қажет.
Алматы облысындағы Қайнарлы ауылының тұрғындары жерлерінің басқаға жазылып кеткенін айтып сотқа жүгінді. Соттың соңғы шешімі әлі шыққан жоқ. Талай ауылдың тұрғыны осындай жер дауына тап болған.
Алматы облысында жұрт браконьерлердің жүгенсіздігіне шағым айтады. Балық аулауға тыйым салынған маусымда базарда жаңа ауланған балық көп. Азаттық тілшісі олардың қайдан келіп жатқанын анықтап көрді.
Есік қаласының тұрғындары үй төбесіндегі ұялы байланыс антеннасын алып тастауды талап етті. Ал мамандар «антенна денсаулыққа қауіпті» деген уәжбен келіспейді.
Қорғаныс министрлігінің зейнеткері бір жарым жыл бойы зейнетақысын ала алмай жүргеніне жұмыс берушіні кінәлайды. Бұрынғы басшылық бұл жағдай жөнінде түсінік беруге құлықсыз.
Тағы