Өзен-көлдердегі балық қорын қалпына келтіру үшін балық уылдырық шашатын сәуірдің 15-інен маусым айының 1-іне дейін Қазақстанның өзен-көлдерінен балық аулауға тыйым салынған. Алматы облысының Қаратал ауданындағы балық базарлары бұл шектеуге қарамастан, жаңа ауланған балыққа толы. Базарда сазан, көксерке, табан, мөңке, жайын сияқты өзен-көл балықтары ашық сатылады. Олар мұнда қайдан келеді?
Арасында Азаттық тілшісі де бар бір топ журналист заңсыз ауланған балықты көтерме бағамен сатып алушылар кейпімен эксперимент жасау үшін балыққа бай өңірге сапарға шықты.
БАЗАР ТОЛЫ БАЛЫҚ
Алакөл жағасындағы Үштөбе қаласының балық базарына таң сәріден алыпсатарлар ағыла бастады. Балық тез бұзылатын тауар болғандықтан, саудагерлер оны тез өткізіп үлгеруге тырысады. Аумағы 80 шаршы метрлік балық павильонының сауда сөрелері бетоннан құйылып, кафельмен қапталған. Олардың ар жағында он шақты саудагер тұр.
Жергілікті Қаратал өзені мен көлдерден, оның ішінде Қазақстандағы ең ірі көл – Балқаштан ауланған балық күнде таңертең осы базарға жол тартады. «Қай жердің балығы?» деген сұраққа саудагерлерден жауап болмаған соң, Азаттық тілшісі қап-қап балықты базар саудагерлеріне ұсынып жатқандар мен жаңа ауланған балықтың бағасына саудаласқандардың іс-қимылын бір шетте тұрып бақылады.
Жергілікті аңшылық шаруашылығының бастығы Василий Мартынов астыртын балық саудасынан жақсы хабардар. Ол жоғарыда мықты қолдаушы-жебеушілері бар браконьерлер заңды белден басатынын айтады.
– Тыйым сал, салма, біздің базарлардан балық үзілмейді. Осы кезге дейін қалай сатып келсе, қазір де солай ашық сатады. Бүкіл балық Балқаш бассейні маңындағы көлдерден келеді. Қазір Қаратал өзені арнасынан жайылып, сазанның нағыз уылдырық шашатын кезі. Браконьерлер балықты сол жақтан әкеледі, - дейді Мартынов.
Бірақ ол браконьерлердің балық аулайтын тұстарын көрсетуден бас тартты. «Өзімді ұрып-соғып, қора-қопсымды өртеп кеткен соң, браконьерлермен байланысқым келмейді» дейді ол.
Алайда ол «бір көрсетсе, браконьерлер аулайтын жерді сол кісі көрсетеді» деп бұрын балық инспекторы болып істеген, қазір зейнет демалысындағы танысына жол сілтеді.
БРАКОНЬЕРЛЕР СҮРЛЕУІ
Қаратал өзенінің жағалауы - сирек кездесетін құс-жануарға толы сыңсыған тоғай. Бірақ өзен бойында қорқынышты фильм түсіруге арналған декорация сияқты ағаштары өртеніп кеткен алқаптар да кездеседі.
Бұрынғы балық инспекторын іздеп Қаратал өзенінің сағасындағы Байшегір кентіне баруға тура келді. Зейнеткер қарт сөзшең адам болғанымен, осындағы балықшылардан қорқатынын айтып, сұхбат беруден бас тартты.
Ақыры, браконьерлердің құпия сүрлеуін өз күшімізбен іздеуге тура келді. Көп ұзамай қарсы алдымыздан ішінде үш ер адамы бар «Нива» автомобилі шықты. Тілшілерден жиналған топ «балық сатып алғалы жүрміз» деп бағасына саудаласа бастады. Бірақ, біздің камера, фотоаппараттарымызды көрген бойда әлгі сатушылар қаша жөнелді.
Жол алақандай Дөңші ауылына келіп тірелді. Жергілікті тұрғындар журналистерді көріп қатты қуанды. Гүлбаршын есімді сүйкімді келіншек «қуырылған балықтан дәм татыңыздар» деп үйіне шақырды. Дастархан басында отырғанда ауыл тұрғындары жиналды. Олардың көбі «балықты жыл бойы ауламасақ, бала-шағамызды асырай алмаймыз» деп ақталды.
Экспериментіміздің соңғы нүктесі Балқаш көлінен үш шақырымдай жердегі Көпбірлік кенті болды. Онда 300-дей отбасы тұрады екен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндағы жұрттың бәрі балық аулаумен күнелтеді. Жаңа ауланған балықты ауылдың кез-келген үйінен сатып алуға болады.
БРАКОНЬЕРЛІК БЫЛЫҚ
Браконьерлік жолмен балық аулау фактілері жұртқа мәлім жайт болғанымен, Азаттық тілшісінің заңсыз балық аулау ауқымы туралы сауалына Алматы облысының ресми мекемелері шамалап болса да жауап бере алмады.
Алматы облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) қызметкерлерінің айтуынша, балық уылдырық шашатын маусымда жүргізілген операция барысында бір ай ішінде 215 браконьер ұсталып, заңсыз ауланған 5 мың 600 тонна балық тәркіленген. 180 адамға айыппұл салынып, 15 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
– Балық уылдырық шашатын кезде кейбір көлдер мен өзендердің сағасында балық аулауға тыйым салынады. Өзен-көлдердің басқа жерінен аулауға болады. Сондықтан балықтың өзен-көлдердің дәл қай тұсынан ауланғанын кейде анықтау қиын, - дейді Алматы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Көбейхан Нұрахмет.
Әкімшілік кодекске сәйкес, балық аулау ережелерін бұзған браконьерлерге 100 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Экологтар бұл ақшаны табиғатқа келтірілген залалмен салыстыруға да болмайды дейді. Қоршаған ортаны қорғаушылар балық шаруашылығы саласындағы заңдарды күшейту туралы талапты көптен бері айтып жүр.