Орталық Азия жастарының өмірінде діннің орны қандай? Аймақта діни радикалдану қатері шынымен бар ма? Дін қайраткерлерінің аймақ елдерінің қоғамдық өміріндегі рөлін жастар қалай бағалайды? "Орталық Азиядағы жастар" зерттеуі авторларының бірі, Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы кеңсе басшысы Толғанай Үмбетәлиева Азаттықпен сұхбатында осы сұрақтарға жауап берді.