"Зере" - Азаттықтың әйел құқығы жайлы подкасты. Бұл подкаст қоғам естімейтін я байқамайтын әйелдердің проблемасын шешуге бағытталған. Әр эпизод тыңдарманға әйел құқықтары туралы ой тастайды. Және оны пайдалану мүмкіндіктері я нұсқаларын ұсынады. Қоғам естімейтін, бірақ өзін өзгелері естігенін, тыңдап, түсінгенін қалайтын жандармен сұхбаттасамыз.
Құқық - әйелдікі я ер азаматтардікі деп бөлінбейді. Барлығымыздың құқығымыз бірдей. Дегенмен, біздің қоғамда әйелдердің құқығынан гөрі міндеті басым. Оның себебі неде? Осы жайлы сөйлесейік.
Әйелдерге құқықтық сауаттылық не үшін маңызды?
Қыз баланы еркінен тыс алып қашудың – қылмыс, күйеуі ұрып-соғудың - қылмыс, харассменттің де қылмыс екенін түсіну үшін маңызды.
Подкастты Apple Podcasts, Spotify және YouTube арнамыздан тыңдай аласыз.
Өз оқиғаңызды баяндап, көпшілікпен бөліскіңіз келсе AssautayevaM@rferl.org поштасына хабарласыңыз.