«Отанын сатқан опасыздың» қызы деп атай бастаған кезде Гелиана Сокольникова үш жаста болған. НЭП (жаңа экономикалық саясат – ред.) кезінде СССР қаржы халық комиссары қызметін атқарған әкесі Григорий Сокольников - советтің экономикалық ғажайыбы авторы ретінде танылған кісі, ол ақша реформасын жүргізуді басқарып, 1920 жылдардың конвертациялық валютасы болған алтын червонецті айналымға енгізген. Үлкен террор кезде Сокольников " троцкийшілдердің параллель орталығы" ісі бойынша Радек, Пятаковпен бірге 10 жылға сотталған. Үкім жарияланғаннан соң бірнеше айдан кейін - 1937 жылдың көктемінде оның отбасы Қазақстанға жер аударылып, Гелиана Сокольникованың айдаудағы өмірі 28 жылға созылды.