10 сәуірде Астанада полиция журналист Лұқпан Ахмедияровты көшеден күштеп алып кетті. Бірнеше сағат тергеушінің алдында болып шыққан журналист "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен қозғалған істе қорғану құқығы бар куә екенін, тергеудің мән-жайын жария ете алмайтынын айтты.
Өткен аптада қос қырғыз журналисі ұзақ мерзімге түрмеге жабылды. Олар өзгелердің батылы жетпеген тақырыпты қозғап, Садыр Жапаров режимінің непотизмін әшкерелеген еді. Бірақ президент пен оның серіктері де журналистерге тоқтау салу үшін ешнәрседен тайынбайтынын көрсетті.
Қазақстанда 9 журналист бірігіп, сотқа Мәдениет және ақпарат министрлігінің ережесі жөнінде шағым түсірді. Олар министр Аида Балаева бекіткен "Журналистерді аккредитациялаудың үлгілік ережесі" сөз еркіндігі мен ақпарат таратудағы конституциялық құқықты бұзып отыр дейді. Журналистерді бұл қадамға не итермеледі?
Орал соты жергілікті "Уральская неделя" газеті "сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу ережесін бұзды" деп тауып, басылымға 110 мың теңге айыппұл салды. Газет АЭС жайлы референдумге қатысты жұрттан блиц-сауал алғаны үшін жазаланды. Бұл жайт журналистер арасында "сайлау не референдум қарсаңында халықтың ой-пікірін білуге болмай ма?" деген заңды сұрақ туғызды.
Столичному корреспонденту интернет-издания Press.kz Жание Уранкаевой закрыли доступ в здание правительства. Повод — она поднялась на этаж, где проходят заседания Кабмина и куда журналистам вход теперь воспрещён. Уранкаева стала первой жертвой правил аккредитации СМИ, которые разработал Мининформ.
2 тамызда Қонаев соты "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жылға бостандығынан айырды. Азаттыққа бұл туралы журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
13 мамырда Алматы соты журналист Жәмила Маричеваның ProTenge Telegram арнасында Азаттық радиосын қолдап жазған жазбасын "жалған ақпарат" деп тауып, авторға 74 мың теңге айыппұл салды. Арыз берген полицей жазбаның қай тұсы "жалған" екенін білмей шатасты. Ал заңгер мен журналист мұны "сөз еркіндігіне қысым" деп біледі.
Елдегі елеулі оқиғадан хабар таратып, күрделі мәселеде қоғам көзін ашуға жұмыс істейтін журналистердің өзі жапа шексе, бұл – елдің дамуына қалай әсер етпек? 2023 жылы тілшілер жасалған шабуылдарды шолып, сарапшылардың биылғы жылға болжамын ұсынамыз.
Тағы