Ол бастаманы өзбек, қырғыз және түркімен оппозициясының өкілдері қызу қолдады.
Сонымен қатар “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қоғамдық бірлестігінің Еуропадағы өкілетті өкілі Р.Наұғманов Еуропа Одағы мен Қазақстан арасындағы парламентаралық бірлескен комитеттің кезекті 4-інші сессиясына барып келген Қазақстанның парламенттік делегациясы өкілдерінің бір жалған ақпарын әшкерелейді.
Қазақстанның саяси оппозициясы шетелдерде тұратын түркімен оппозициясы өкілдеріне Еуропа Комиссиясы, Еуропарламент және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен әріптестік орнатуға көмек беруде.
Ол жайында “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қоғамдық бірлестігінің Еуропадағы өкілетті өкілі, белгілі кинорежиссер Рашид Нұғманов телефон арқылы хабарлады. Оның айтуына қарағанда, Еуропа Одағы құрылымдарымен арадағы ертеден орнатылған тығыз байланыстарын пайдалана отырып, ол шетелдерде тұратын түркімен әріптестері үшін ЕуроКомиссияның Брюссельдегі кеңсесінде бірқатар кездесу ұйымдастырды.
Атап айтқанда ондай кездесулер барысында Рашид Нұғманов жетектеген түркімен саясаткерлерін Еуропа Комиссиясы, Еропарламент, Еуропа Одағының министрлер кеңесі мен сыртқы істер министрлігі өкілдері қабылдаған. ЕуроОдақтың Кеңесі орналасқан Брюссельдегі кездесулер, Р.Нұғмановтың мәлімдеуінше, ең алғашқылары ғана. Брюссельден кейін олар Лондонға, Парижге және Венаға сапарға бармақ. Одан бұрын қазақ-түркімен оппозициясы өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақстатық жөніндегі ұйымның Роттердам қаласында болған сессиясына қатысып қайтқан. Рашид мырзаның хабарлауынша, ондағы кездесулер ең жоғарғы дәрежеде өткен.
Сонымен бірге Р.Нұғманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның сессиясына Орта Азиялық 4 мемлекеттің саяси оппозициясы өкілдері түгел келгенін хабарлады. Оның мәлімдеуінше, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан оппозициялары осыдан 1,5 жылдай бұрын құрылды деп жарияланған “Орта Азиядағы демократиялық күштердің Форумын” қайта құрып, өзара белсенді іс-қимылға көшетін болып уағдаласқан. Өзбек, қырғыз және түркімен саясаткерлері қазақ оппозициясының ол бастамасын қызу қолдаған.
“Қазақстанның демократиялық таңдауы” қоғамдық бірлестігінің Еуропадағы өкілетті өкілі Р.Нұғманов, сондай-ақ, 2-3-інші шілде күндері Еуро Одақ пен Қазақстан арасындағы парламентаралық бірлескен комитеттің кезекті 4-інші сессиясына тоқталып өтті. Оқырмандарымыздың жадында болар деп ойлаймын.
Өткен сейсенбі күні аталған сессияға қазақ парламентінің ресми делегациясын бастап барып қайтқан Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпей: “Еуропарламент - Қазақстандағы ахуал бойынша 13-інші ақпанда қабылдаған өткір сын көзқараста қаьылдаған Қарарын қайта қарауға уәде берді” деп мәлімдеген болатын. Алайда Р.Нұғманов Мәжіліс төрағасының орынбасары М.Көпейдің осы мәлімдемесін үзілді-кесілді жоққа шығарды. “Еуропарламент... Қазақстандағы ахуал бойынша 13-інші ақпанда қабыдаған Қарарын қайта қарауға уәде берді” деген сөз, оның мәлімдеуінше, барып тұрған жалған ақпар болып табылады. Өйткені, ЕуроОдақ пен Қазақстан арасындағы парламентаралық комитеттің Еуропа парламентінің Қарарын не бұзуға немесе не қайта қарауға ешқандай құзыры жоқ.
Оның хабарлауынша, Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы парламентаралық комитеттің әрбір сессиясынан кейін, әдетте, қорытынды құжат қабылданады. Қазақстан парламентінің ресми делегациясы, міне, сол қорытынды құжатқа, Р.Нұғмановтың айтқанын сөзбе-сөз келтіргенде: “Қазақстандағы ахуал бойынша оң көзқарастағы жаңа Қарар қабылдау туралы Еуропарламентке ұсыныс жасалсын” деген жеке тарау енгізуді өтінген.
Әрине, деп мәлімдеді “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысының Еуропадағы өкілі Р.Нұғманов соған орай, Еуропарламент депутаттары ондай қосымша тарау енгізуге түбегейлі қарсы болған. Өйткені, Қазақстандағы ішкі саяси ахуалында оң өзгеріс байқалмайды. Яғни парламентаралық комитет отырысының қорытынды құжатындағы әрбір тарауы екі жақ бірауыздан толық қолдағанда ғана қабылданатындықтан, Еуропарламент депутаттары ол құжатқа “Қазақстандағы ішкі саяси ахуал жақсарған жағдайда ғана, Еуропарламенттің оң көзқарастағы жаңа Қарар қабылдауы мүмкін” деген тарау енгізген.
Ең бастысы - ол құжатта Қазақстандағы ахуал бойынша не оң, не керісінше бұрынғыдан да өткір сыни Қарар қабылдансын деген сөз атауымен жоқ. Демек, деп ойын қорытындылады Р.Нұғманов, Қазақстан парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары М.Көпейдың айтқан сөзі – шындыққа тіпті жанаспайды.