Ұлы Отан соғысының ардагері Жазықбай Ақановтың айтуынша бүгінде Алматы қаласы бойынша 5 мың ардагер бар. Жыл санап қатарлары азайып бара жатқан ардагерлардің жағдайы өте төмен. Бақилық болған ардагерлерді соңғы сапарға шығарып салудың өзі бүгінде қиынға айналып отыр.
-Жасым 86-да.Төрт рет жаралы болған адаммын. Біздер көп болса 2-3 жыл өмір сүрерміз, төртінші жылға жетпейміз. Сондықтан үкімет біздің жеңілдіктерімізді қайтаруы керек. Осы орайда генерал-майор Мұрат Қалматаев мырза ардагерлердің талап тілегін, мұң-мұқтажын қанағаттандыру үшін алдымен 2 жылға жуық қабылданбай жатқан «Ардагерлер туралы» Заң қабылдануы керек,- деді. -Заң қабылдануы керек. Бұл мәселені шешуге мәселені экономикалық жағдайымыз бар. Буынсыз жерге пышақ ұрып отырғанымыз жоқ. Шешіледі деген үмітіміз бар. Сонымен қатар, мәлімдеме таратушылар Қазақстан Республикасының зейнетақы Заңына 2003 жылы әскери адамдардың зейнетақысына байланысты енгізілген өзгертулерге наразылықтарын білдірді. Генерал-майор Рүстем Қайдаров 2003 жылы енгізілген өзгеріс бойынша 45 жасында зейнетке шыққан әскери адам ол ер азамат болса 63 жасқа, әйел адам болса 56 жасқа дейін жинақтаған зейнетақысын 50 пайызын ала алмайды. Бұл адам құқығын бұзушылық,- деп мәлімдеді. -Барлық азаматтардың ішінде әскери қызметтегі азаматтарға арнайы осындай бөлім шығарған біз осыған қарсымыз. Генералдар кеңесінде бұл мәселені талқыладық сосын арнайы парламентке хатта жаздық. Бірақ одан еш өзгеріс жоқ. Қазіргі таңда әлеуметтік жеңілдіктер мен үстеме жәрдемақыны тек орден-медалі бар жандар ғана алады. Ал өндіріс орындары мен шаруашылықтарда, құқық қорғау органдарында еңбек еткен ардагерлер Үкімет назарынан тыс қалып келеді, - деді Рүстем Қайдаров мырза. Сәрсенбі күні жасалған ардагерлер мәлімдемесіне депутат Серік Әбдірахманов мырза өз көзқарасын былайша білдірді. -Ардагерлердің көтеріп отырған мәселесі өте орынды. Соғыс барлық жерде соғыс. Олардың талап етіп отырған әлеуметтік жеңілдіктерін қайтаруға бүгінде Қазақстан барлық мүмкіндіктер бар.