Accessibility links

Теңіз дроны Ресейдің тікұшағын атып түсірді - Украина барлау қызметі


Ресей әскерінің Ми-8 тікұшағы. Бейтарап сурет.
Ресей әскерінің Ми-8 тікұшағы. Бейтарап сурет.

Украинаның барлау қызметі ракеталық қарумен жабдықталған Magura V5 дроны тарихта алған рет әуедегі нысанды атып түсірді деп мәлімдеді. Барлаушылардың мәлімдеуінше, Magura V5 броны Ресейдің Ми-8 тікұшағын атқан.

"Қара теңіздегі қақтығыс кезінде уақытша оккупацияланған Қырым түбегіндегі Тарханкут мүйісі маңында "SeeDragon" ракетасының көмегімен Ресейдің Ми-8 тікұшағы жойылды. Бір тікұшақ өртке оранып, аэродромға жетіп үлгерді" деді Украина барлау қызметі.

Бұл шабуылға қатысты Ресей қорғаныс министрлігі ешқандай мәлімдеме жасамады.

Magura V5 – Украина әскерінің теңізде барлау жасайтын негізгі қаруы.

31 желтоқсанда Ресей Украина аумағын ракета және дрондармен шабуылдағаны хабарланды. Ал Ресейдің Смоленск облысына дрон шабуылдап, мұнай базасы өртенген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG