Дүйсенбі күні Бағдадта сөйлеген сөзінде Ирақтағы коалиция күштерінің қолбасшысы, генерал Марк Киммит жұрт таңданарлық мынандай мәлімедеме жасады:
-Ирақтың бақылаушы тобы 155 миллиметрлік жарылғыш заттың құрамында нерв жүйелеріне әсер ететін улы сарин газы болғанын растады. Өздігінен жарылатын құрал ретінде қойылған ол Американың әскерлер тізбегіне кез болған. Оны іске қоспай қалу мүмкін болмады, жарылыс орын алды,-деген генерал Киммит.
Мұның алдында бір жылдан астам уақыттан бергі жаппай іздестірудің нәтижесінде өткен сенбі күні химиялық қару тобы жаппай қырып-жою қаруының болымсыз бір белгілерін тапқандығын жариялаған болатын-ды. Алайда оның мардымсыздығы сондай, оған оншалықты мән берілген жоқ. Ал сарин дегеніміз иіссіз сұйық улы зат, онымен демалған немесе денесінің, терісінің бір жеріне тиген адам өліп кетеді. Бұл аталған улы газды 1995 жылы "Аум Синирико" тобы Токионың метросына шабуыл жасағанда қолданғанда, 12 адамның опат болғаны белгілі.
Ирақ үкіметі БҰҰ-ң инспекторларына 1980 жылдардағы Иранмен соғыс кезінде жүздеген тонна сарин газы қолданылғандығын айтқан.
Генерал Киммит дүйсенбідегі жарылыстың аса қатты салдарлары болмаған жоқ, бірақ та екі адамның нерв жүйелерінде өзгерістер байқалды деген. Жарылыстың салдарларының әлсіз болуы ол артиллериядан жіберілген снарядқа қарағанда жаңағы аталған улы газды тарату қабілетінің төмен болғандығынан деп атап өткен генерал .
Бұл жаңалыққа байланысты американдық пікір білдіріп жатқан шенеуніктер де . Бірақ олар алдымен бұл заттың шындығында сарин болғандығына нақты көз жеткізіп алу керек деп отыр. Мәселен, АҚШ-ң қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфелд дәл осындай көзқараста. Ол бастапқы далалық тексерулер бұның сарин екендігін далелдеді, алайда қосымша тағы да тексеурлер жасалады дей келе, бірақ мұндай нерв жүйелеріне әсре ететін улы газды қарудың Ирақта көп екендігін далелдейтін тікелей айғақтар жоқ дегенді айтқан болатын.
Ал енді бұл жаңалықтың стратегиялық жағына келетін болсақ, бұл АҚШ-ң Саддам Хусейін жойқын қару ұстап отыр деген болжам жасауына дәлелді негіз болғандығын көрсетеді деп ойлаймын деп атап өткен министр. Бірақ соғыс басталған уақытта Саддамның қолында мұндай қару болды ма, жоқ па деген мәселе әлі күнге жұмбақ қалып отыр дегенді де айтқан ол:
-Біздің елімізде және басқа да елдерде жинақталып қалған зерттеу мен бақылау ақпараттары олардың болғандығын және Ирақ үкіметінің бүкіл алемді өздерінің не жасап жатқандарын айтпай, алдап келгендігін айғақтайды. Оған көптеген далелдер бар. Біз қазір ол қарудың қалай, қайда жоғалып кеткенін білмейміз,-деген Дональд Рамсфелд.
Осы жылдың басында Ирақтың оңтүстігінде табылған миномет снарядында улы зат бар деп алғашында мәлімделді. Бірақ кейінгі тексерулер қорытындысы 1980 жылдардағы Ирақ-Иран соғысы кезіне жататын бұл снарядтарда алдын ала болжалғандай химиялық улы заттың болмағандығы анықталды.
Вашингтондағы жекеменшік зерттеу институтының сыртқы саясат жане соғыс мәселелері турасындағы талдаушысы Майкл О Ханлонның айтуынша, бұл жолғы сарин улы газы жөніндегі жаңалықтың екі түрлі саяси жағы болуы мүмкін :
-Оның бірі- мұндағы химиялық қаруосындай азғантай болатын болса, біз соғыспауымыз керек еді дегенді білдіреді, ал екіншісі - егер Саддамда жойқын химиялық қару болып, ол оны бұзып-талқандап, жоқ қып жіберген болса, ол- біздің, АҚШ-ң талап етуінің натижесінде мүмккін болды дегенді еске салу,-дейді талдаушы.
Сондай-ақ ол бұл құрамында сарин бар деген қарудың қауіп-қатері қаншалықты болатындығы анық емес, өйткені ол ондағы улы заттың қаншалықты ескіргеніне және көтерілісшілердің оны қандай әдіспен іске жарататындығына байланысты дегенді айтады талдаушы. Егер олар қару-жарақ қойламаларында сақталып қалған болса, әңгіме оның қаншалықты химиялық құрамынан гөрі ,оның соғысқа дейінгі Ирақтың қалдығы ретіндегі қауіптілік мәртебесінде дейді өз ойын қорытындылаған бұл сарапшы.
Сонымен Ирақтағы коалиция күштері үшін бүгінгі таңда сарин улы заты бар жарылғыш қауіпті ме, болмаса тынышсыздық туғызып отырған ирaқтықтар одан да қауіптірек пе деген сауал туындайды.
Ирақта сарин улы заты бар жарылғыш қауіпті ме, әлде тынышсыз ирақтықтар одан қауіптірек пе?
Президент Дж.Буштың айтуынша, Саддам Хусейін химиялық жаппай қырып жою қару-жарағынан бас тартпай қойғандықтан, АҚШ Ираққа соғыс бастауға мәжбүр болған-ды. Енді Саддам тақтан құлатылғаннан бері 13 айдан астам уақыт өтсе де, Ирақта химиялық қарудың айқын бір белгілері табылмай отыр. Дегенмен де, дүйсенбі күні АҚШ әскерилері көтерілісшілер сарин деп талатын улы газы бар жарылғыш зат қолданды деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақ эмигpанттарды күстәналау. "Жат елдегі" диссидент драмасының бағасы