Ол басқосуда Ауғанстанға НАТО-ның қосымша күштерін жіберуді елбасы Хамид Қарзай сұраған болатын. “Аралық өкімет билікте болған осы екі жарым жыл ішінде қарапайым тұрғындар өзі тұрып жатқан аймақтарға халықаралық қауіпсіздік күштерінің келуін сұрап бізге ағылуда. Себебі ол күштерді Ауған халқы тұрақтылықты, өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін топ деп біледі”-, деді Қарзай мырза. Стамбулда кеше басталған саммиті барысында НАТО басшылары бұл өтінішті қанағаттандыруға келісім берді. Атап айтқанда, сайлауларды өткізу барысында бұл елдегі тұрақтылық күштерін 6 мың 500-ге дейін жеткізуді олар ойластыруда. Қай елдердің қосымша қауіпсіздік жасақтарын жіберетіндігін НАТО өкілдері нақты атай қойған жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы