Ресейдің Мемлекеттік Думасы ғимаратының іргесінде жеңілдіктерді өтемақылармен алмастыру туралы төменгі палата бірінші оқылымда қабылдап, бүгін талдап жатқан заңның жобасын қабылдауға қарсы наразылық митингісі өтіп жатыр. Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, шараға 1,5-2 мың адам қатысуда. Олар мезгілсіз ереуілді бастауға шақырады. Мәскеудің орталығында митингіге келген бірнеше кісі мен милицияның қақтығысқан жайт байқалды.