Лондонда шығатын 2 араб газеті өзін лаңкестік “Әл-Қаида” ұйымының өкілдеріміз деп көрсеткен топтан таяуда Еуропадағы лаңкестік шабуылдар қайта жалғасады деп ескерткен мәлімдеме алды. Әл-Хайат және Әш-Шарқ Әл-Аусат газеттерінің хабарлауынша, олар әлгі мәлімдемені наурыз айында Мадридте болған лаңкестік жарылысты өз мойнына алған Әбу Хафс Әм-Масри Бригадасынан алды. Мәлімдемеде Мадридтегі жарылыстан соң Еуропада жарияланған 3 айлық тыныштық 15 шілдеде аяқталатыны ескертілген. Өйткені Еуропа елдері мұсылман мемлекеттерінен әскерілерін алып кету туралы әлгі Бригаданың талабын орындамаған.
Лондонда шығатын 2 араб газеті өзін лаңкестік “Әл-Қаида” ұйымының өкілдеріміз деп көрсеткен топтан таяуда Еуропадағы лаңкестік шабуылдар қайта жалғасады деп ескерткен мәлімдеме алды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы