Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі өкілі Илхом Закиров, АҚШ Мемлкеттік департаментінің ол шешіміне өкініш білдіргенімен, лаңкестікпен күресте біз серіктес болып қала береміз, деген. Закировтың пікірінше, адам құқын қорғау жағдайы АҚШта Өзбекстанға қарағанда тәуір. Себебі, Өзбекстан демократия жолына енді ғана түсіп отыр, дейді министрлік өкілі.