Олардың үшеуі полиция қызметкерлері. Киркук қаласынан алыс емес жерде мұнай құбыры өртеніп жатыр. Өрт себебі белгісіз. Бірақ, дәл осы ауданда экстремистер мұнай мен газ құбырларын зақымдап тұрады. Кеше Мосул-Бағдат жолында Найнава атты солтүстік облысының губернаторы Усама Кашмула өлтірілді. Атыс барысында оның 2 оққағары және шабуыл жасағандар жағынан 4 адам мерт болды.