Accessibility links

Қазақстан ресми органдарының мәлімдеуінше, осы жылдың сегіз айында адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіріп әкеткендерге қатысты 8 қылмыс тіpкелген


Оның ішінде 5 қылмыс әйелге және бір қылмыс жасөспірімге қатысты жасалыпты.

Бұл жайында қыркүйектің 30-ы күні Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде өткен Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссияның бесінші отырысында айтылды.

Қазақстанның мемлекеттік орган мамандары адам саудасына қарсы күрестің пәрменділігін күшейтуге қатысты заңдарды жетілдіруге маңыз беріп отыр.

Адам саудасына қатысты деп қозғалған қылмыстық істер сотта дәлелденбейінше арнайы органдар жұмысының тиіміділігі жайында айтуға әзір ерте. Ал, қылмыстың бұл түрін ашудағы әлсіздік себептерінің бірі жәбірленушілердің тергеу органдарымен жұмыс істегісі келмейтіндіктерінен, дейді Қазақстан бас прокуратурасының өкілі Дмитрий Иванов.

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың айтуынша, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері өткен жылы 24 азаматтың елге қайтуына көмек көрсеткен. Ал, осы жылдың жартысында 16 Қазақстан азаматының елге оралуына көмек жасалған.

Алайда, сыртқы істер министрінің орынбасары мұндай адамдарды елге қайтаруға көмек көрсетуге қаржы қиындығы бар, дейді.

Заңсыз трафик жәбірленушілеріне айналған адамдарға көмек көрсету консулдық өкілдіктерге ең өткір проблема. Арнайы шығыс сметасының болмауынан қазірге дейін шетелдегі әрбір мекеме өзінше шара қолдануда, дейді Алексей Волков. Бұл орайда аталған мәселеге республикалық бюджеттен жеке бағдарларма қарау ұсынылды.

Ал, ОБСЕ-нің Алматы қаласындағы орталығының өкілі Бьерн Халварссон ОБСЕ тарапынан да адам саудасына қатысты мәселе өткір қойылып отырғанын айтады.

Ал, әділет министрлігінің бөлім бастығы Зайда Нұрабаева министрлікте шетелдіктер асырап алған балалар жайындағы мәліметтер туралы эклектронды бағдарлама жасалған. Ал, қазіргі уақытта балалар омбудсманы институын енгзуді шешу мәселесі қаралауда, дейді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Амангелді Айталы Қазақстан адам саудасына қарсы пәрменді күрес жүргізіп келе жатқан жоқ деген пікірде.

Мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижанов туристік фирмалар арқылы шетелге әртүрлі жұмысқа алып барамыз деп оның ар жағында құжаттарын тартып алудың барын айтады.

Білім және ғылым министрлігінің өкілі Есенбай Әлпейісов оқу орындарында жастардың тәрбие жұмысына маңыз беріліп отыр дейді.

Жұртшылық өкілдерінің пікірінше, адам саудасының құрбаны болу тұрмыстық қиындықтардан немесе құқықтық сауаттылықтың аздығынан дейді.

Заңгерлердің айтуынша, Қазақстан қылмыстық заңдарында адам саудасына қатысты қылмысқа үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіпті.

Ал, жалпы халықаралық сарапшылардың бағалауынша, әлемде адам саудасы қарумен есірткі саудасынан кейін үшінші орында тұр. Адам саудасынан түсетін қаржы жылына 14 миллиард долларға жетеді деп бағаланады екен.
XS
SM
MD
LG