Фаллуджада тегі йорданиялық қарулы топ жетекшісі Абу Мұсаб ал-Зарқауи бекінген деген болжам бар. АҚШтық әскери өкіл лейтенант Гильберттің айтуынша, Бағдадтан 60 шақырымдай жердегі ол шабуылдарды әскери ұшақтар мен зеңбіректер қолдап тұрады.
Дәрігер Салех ал-Иссауидің айтуынша, Фаллуджадағы бүгінгі операцияларда кемінде 5 адам қаза тауып, 16 кісі жарақат алған.