БҰҰ-ы Ауғанстандағы үш шетелдікті тұтқындап алып кеткен топты шетелдіктерді босатуға шақырды. БҰҰ-ының Ауғанстандағы өкілінің осы үндеуінен сәл бұрын шетелдіктерді кепілдікте ұстап отырған топ қамауда отырғаен тәліптер мен “Әл-Қаида” сарбаздары алдағы сәрсенбінің күн ортасына босатылмаса, тұтқындарды өлтерінін ескерткен болатын. Бүгін Мануэль де Альмейда а Сильва Кабулда журналистер арқылы: “Біз тұтқында ұстап отырғандарға қиянат жасамауға үндейміз. Олардың үшеуі де дәрігерлік көмекке мұқтаж, дәл осындай жағдайға деген ең дұрыс жауап – оларды дереу босату”, -деп үндеу тастады.