Палестина автономиясының жоғары мәртебелі өкілдері Автономия президенті Ясир Арафаттың халін білу үшін Парижге келді. “Палестинаны азат ету қозғалысының” Бас хатшысы Махмуд Аббас, премьер-министр Ахмад Кураи және сыртқы істер министрі Набиль Шаат Арафаттың әйелі Суханың сыни мәлімдемесінен соң президентке баруын кейінге қалдырды. Арабтардың Әл-Жазира телекомпаниясына берген сұхбатында Суха Арафат Палестина өкілдерін “Арафатты тірідей жерлемекші” деп айыптады. Алайда Арафаттың кеңесшісі Мухаммад Рашид: “Бұл сапар бүкіл ұлттың мүддесі үшін қажет”, -деп түсіндірді: “Бұл үлкен жауапкершілік және бұл осында келген Арафаттың кеңесшілері мен Палестина өкілдерінің жеке бастарының ісі емес. Бұл – жеке отбасының президент кеңсесінің ісі емес. бұл енді бүкіл ұлттың ісі”.