Қайтыс болған президентін жерлеу рәсіміне қатысу үшін президент кеңсесінің төңірегіне шоғырланған мыңдаған палестиндік халықты қуып тарқату үшін Палестинанынң қауіпсіздік күштері әуеге оқ атуға мәжбүр болды. Бүгін таңертең Мысыр астанасы – Қайыр қаласында Ясир Арафатпен қоштасу рәсімі болып, оған 40-тан аса мемлекеттің басшылары мен сыртқы істер министрлері қатысты. Арафаттың жерленуіне байланысты Израиль қауіпсіздіктің қатаң шараларын қабылдады.