Мажарстан үкіметі, парламенттің шешімін айналып өтіп, жыл соңына қарай Ирақтан 300 жауынгерін елге қайтарудың амалын қарастырып отыр. Премьер-министр Ференц Гюрзанаидың бүгін атап көрсеткеніндей, НАТО-ның басқаруымен Ирақтың қауіпсіздік күштерін оқытып жатқан миссияға атсалу үшін үкімет әскери кеңесшілердің бөлімін келесі жылы Ираққа жіберу мәселесі бойынша НАТО-мен кеңес өткізу үстінде. Ол мәселе парламенттің мақұлдауын қажет етпейді деп мәлімдеді мажар премьер-министрі.