Accessibility links

Палестина басшылары К.Пауэлді Израильге қысым көрсетуге шақырды


Палестина басшылары АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлді 9 қаңтардағы Автономия президентін сайлауға дейін Израильдің даулы территориялардан армиясын шығаруы үшін оған қысым көрсетуге шақырды. Ол жайында Палестинаның сыртқы істер министрі Набиль Шаат хабарлады. Осыдан 4 жыл бұрын Израиль-Палестина арасындағы жанжалдың қайта асқынуынан кейін Тель-Авив Иордан өзенінің Батыс жағалауына тағы да армиясын кіргізген болатын. Дүйсенбі күні К.Пауэлл Таяу Шығыста Израиль және Палестина жетекшілерімен кездеседі деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG