Accessibility links

Ақаевтың қарсыласы сол күйі із-түссіз жоғалып кетті


Қырғызстан оппозициясының басшылары президент Асқар Ақаевқа қайырылып, хабарсыз кеткен құқыққорғаушы Тұрсынбек Ақұновты дұрыстап іздестіруді бұйыруын сұрады. Ақұнов президент Ақаевты қызметінен кетіру қоғамдық ұйымының екінші басшысы, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің офицерлері шақырды деп үйінен 16-шы қарашада шығып кеткен, солан бері іс-түссіз жоғалды. Президент Ақаевты қызметінен кетіру хатына осы күндері қол жиналып жатқан. Ұлттық қауіпсіздік қызметі Тұрсынбек Ақұновтың жоғалуына бізді қатыстырмаңыздар деп кеше оппозициялық топтарға ескерту айтты. Ақаевтың өкілі Досали Есеналиев заң орындары Ақұновты онсызда іздеп жатыр, оппозиция қайраткелері мәселені саясатқа бұрып жатыр деп айыптады.
XS
SM
MD
LG