Украинада президент сайлауының 26 желтоқсанда өтетін соңғы турында дауысқа түсетін екі үміткер В.Ющенко мен В.Янукович кеше өзара телеайтысқа түсті. Оппозиция лидері В.Ющенко бақталасын сайлаудың екінші туры нәтижесін бұрмалады деп айыптады: “біз бүгін бұл ел неліктен президентсіз отыр деп сұрайтын болсақ? Жауап: Сіз сайлау қорытындысын бұрмаладыңыз! 21 қарашада қандай проблема болды? Жауап: Сіз 3 млн. дауысты ұрладыңыз”.
Бұрмаланған сайлау қорытындысын Украинаның Жоғарғы соты жарамсыз деп тапты. Ол сондай-ақ В.Януковичке ашық қолдау көрсеткен Ресейді Украинаның ішкі ісіне қол сұқты деп айыптады. В.Янукович, өз кезегінде, қарсыласын АҚШ пен өзге Батыс елдерінің қаржылық қолдауына сүйенді деп айыптады.