Accessibility links

Бағдадта бүгін көлік бомбасы жарылды


Ирақ ислам ревоюциясының Жоғары кеңесі деп аталатын шиит партиясы Бағдад кеңсесінің жанында болған шабуылдан көлік бомбасын жарған жүргізуші және кемінде тағы екі адам қаза тапты. Партия өкілі Хатхим Әл-Хұсейни бұл жаңа Ирақты құрып жатқан партия кеңсесіне жасалмақ болған тағы бір шабуыл деп сипаттады. Көтерілісшілер 30-шы қаңтарға белгіленген сайлаулар жақындаған сайын шабуылдарын жалғастырып жатыр. Сунниттердің кейбір діни басшылары және кейбір суннит партиялары сайлау әділ өтпейді деп бойкотқа шақырады. АҚШ президенті Джордж Буш дүйсенбі күні кешке берген сұхбатында үрей сезімі кейбір ирақтықтарға сайлауға қатысып, дауыс берулеріне бөгет жасап тұрғанын мойындады.
XS
SM
MD
LG