Қабарды-Балқарияның ішкі істер министрі хабарлағандай, республика астанасы - Нальчикте Спецназ жауынгерлері қарулы экстремистер бас сауғаланған бір үйдің пәтеріне басып кірді. “Интерфакс” агенттігінің хабарлауынша, қақтығыс болған жерде оққа ұшқан 3 экстремистің денесі жатыр. Осы топқа қарайтын тағы 5 адам әлгі шабуылдың қарсаңында Нальчиктің басқа ауданында қолға түскен. Қабарды-Балқария прокурорының мәлімдеуінше, пәтерде бас сауғалағандар – түрлі террористік қастандық пен Чешенстандағы соғыс қимылдарына қатысқан заңсыз қарулы жасақтардың мүшелері көрінеді.