Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда ақпан айының соңғы жексенбісінде Тәжікстан парламентіне өткен сайлау барысында елбасы Имомалы Рахмоновтың басқаруындағы Халық демократиялық партиясы 75 пайыз дауыс жинаған. Осылайша бұл партия парламенттегі 63 орынның 49-ын иеленіп отыр.
Ал дәл сол жексенбі күні өз парламентіне сайлау өткізген Қырғызстандағы үш аймақта сайлау қортындысына наразы жұрттың шерулері жалғасуда. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым бұл қос елдегі сайлауларды демократиялық талаптарға сәйкес келмеді деп сынады.