Accessibility links

Молдовадағы парламент сайлауында президент бастаған компартияның жеңіске жету мүмкіндігі зор сияқты


КИШИНЕВ. Молдовада бүгін өтіп жатқан парламент сайлауы барысында ауа-райының қолайсыздығынан халық дауыс беруге онша белсенді қатыспай отыр. Молдовада шамамен 2,3 млн. халықтың сайлау құқығы бар. Парламенттегі 101 орынға 9 саяси партия мен 2 саяси блоктан 1100 үміткер бақ сынауда. Молдова президенті Владимир Воронин бастаған билік басындағы компартияның жеңіске жету мүмкіндігі зор сияқты. Оппозициялық “Демократиялық Молдова” және Христиандық-демократиялық халық партиялары оған едәуір есесін жіберіп келеді. Сенбі күні Молдова үкіметі Ресей бақылаушыларының тобын сайлауға кедергі болады деп мәлімдеп, елге кіргізбей қойды. Сайлаудың бастапқы нәтижесі бүгін кешкісін мәлім болады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG