БҰҰ жанындағы Адам құқықтарын қорғау комитеті мүшелері Өзбекстандағы адам құқықтарының аяққа тапталуына орай байсалды алаңдаушылықтарын білдіріп отыр. Ал, Өзбекстан өкіметі айтылған мәселе бойынша халықаралық ұйымдармен әріптестік орнатуға ұмтылысын мәлімдеген болатын.
Комитет мүшелері дүйсенбі және сейсенбі күндері Өзбекстанның жоғары лауазымды өкілдер тобына қатаң сауалдар қойған еді. Ол сауалдар қатарында Өзбек өкіметінің саяси қарсыластарды қуғындауы және түрмедегі адам айтқысыз жағдайлар мен әйелдерге қарсы күш қолданулар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен пікір еркіндігіне бақылау жасаулары қамтылған болатын.
Комитет мүшелері, әсіресе өкімет тарапынан өлім жазасының қолданылуына орай айрықша алаңдаушылық білдірісті. “Өлім жазасына байланысты мәліметтер мемлекеттік құпия, сондықтан ол жарияланбауы тиіс”, деген өзбек делегациясы мәлімдемесін көптеген сарапшылар қатты сынға алды.
Бұл делегацияны сенатор әрі Өзбекстандағы Адам құқықтарын қорғау орталығының төрағасы Акмал Саидов басқарып келген болатын. Оның сөзіне қарағанда, ел өкіметі әділет және заң жүйесін ырықтандыруды көздеп отыр. Оның ішінде тұтқындаудың заңдық негіздері жөніндегі заң мен өлім жазасын алып тастау жөніндегі шаралар да бар.
Өзбек түрмелерінде діни көзқарастары үшін, кем дегенде 6 мыңдай адам отыр, деген мәліметтерді ол жоққа шығаруға тырысты. “Қазір Өзбек түрмелерінде 800-дей адам бар. Олар Өзбек жерінде діни көзқарастарына байланысты, түрлі экстремистік шараларды жүзеге асырған” деді Сайдов өз сөзінде. Түрлі амнистиялар барысында түрмелерден мыңдаған тұтқындар босатылған, деген пікірін де ол айта кетті.
Бұл орайда БҰҰ комитетінің төрайымы Кристен Шанет ханым “ол азаматтар қанды қылмыстары үшін тұтқындалды ма, жоқ әлде ой-пікір қылмыстары үшін жазаланды ма” деп, сол жағын нақтылай кетуді делегациядан сұраған болатын. Саидов мырза өз кезегінде халықаралық заңдық жүйелерге өздерінің ұлттық заңдарын лайықтауда қиындықтардың бар екендігін мойындады. Комитеттегі швециялық сарапшы Валтер Келин мырза 2001-ші жылғы соңғы баяндамадан бері Өзбекстанда кейбір ілгерілеушіліктер бар деді.
- Жалпы әсер бойынша, бізге көрсетілген мәліметтер мен шын мәніндегі, іс жүзіндегі шаралар арасында кейбір алшақтықтар бар. Көптеген заң бұзушылықтар, күш қолданулар жөніндегі дабыл қаққан ақпараттар тек өкіметтік емес ұйымдардан ғана емес, сондай-ақ БҰҰ жүйесі ішіндегі арнайы шаралар мен бұқаралық ақпарат құралдар арқылы да келуде, - деді Келин мырза.
Құқық қорғаушы топтардың айтуынша заңсыздықтар бұрынғыша орын алуда. Ал, президент Ислам Каримов елдегі бар билікті өз қолына жиып алған тұста шын мәніндегі реформалардың ауылы алыс қалғаны анық, дейді олар.