Жорнал Гуантанамо аралындағы АҚШ-тық тергеушілер қасиетті Құранды қорлады деп мұсылман қауымының қаһарына кезігіп отыр. Ақ үйлік өкіл МакКлеллан, «Ньюсуик» өз мақаласының жалған дерек таратқандығын мойындап, дұрыс іс қылды деді. Бірақ, жорнал енді өзі жасаған қателікті түзетуге бар күшін салуы қажет деді Ақ үй өкілі.
«Ньюсуик» мамырдың алғашқы күндерінің бірінде, Кубадағы Гуантанамо түрмесінде, бір әжетханада Құранның табылғанын жазған соң, көп ұзамай, бұл хабарға алдымен Ауғанстан және Пәкістан мұсылман қауымы ашу-ызамен қарсы көтерілген болатын.