Өзбекстанның шығыс уалаяты Әндіжанда болған қанды қырғын және Бакуде болып өткен наразылық ереуілдері кезіндегі тұтқындаулар, ал одан бұрынырақ Бішкекте болған үкіметтік төңкерістен кейін, ендігі түрлі-түсті төңкерістің кезегі басқа тәуелсіз елдерге де жетті ме деген сауал туа бастағандығы шындық.
Бірақ, Өзбекстан мен Әзербайжанға келгенде, талдаушылардың пікірінше, АҚШ ол елдердегі экономикалық жағдай, стратегиялық саясат пен халықтың демократияға деген ынтасының деңгей-дәрежесін жақсылап салмақтап алуы қажет деп есептейді.
Бұл мәселенің анық-қанығына жету мақсатында, Вашингтондағы тілшіміз Эндрю Тулли АҚШ-тың сыртқы саясатымен шұғылданатын бірқатар сарапшылармен тілдесіп көріпті. Ал енді, өзге елдердегі демократиялық әрекеттерге АҚШ-тың барынша қолдау көрсете беретіндігін Дж.Буш осыдан үш апта бұрын Тбилисиде болғанда әлемге жар салып айтқан еді.
- Қазіргі кезде Қапқаз, Орталық Азия елдері және Таяу Шығыстағы халықтың азаттыққа деген құштарлығы барынша өсті. Олар нағыз еркіндікті талап етеді, - деген болатын Грузия астанасындағы сөзінде президент Буш.
Өзбекстанның шығысында болған толқулар кезінде қауіпсіздік күштері оғынан Әндіжанда бірнеше жүздеген адам құрбан болды. Бакуде билік ереуілшілерді тұтқынға алды. Ресми әкімшілік наразы қауымның жүрек наласына әскери күшпен қарсы шықты.
Оған үн қосу ретінде, Ақ үй мен АҚШ мемлекеттік департаменті демократиялық еркіндік үшін бағытталған бір күндік наразылық әрекетін аясыздықпен басқан Өзбекстан әкімшілігінің ол ісін айыптады. Бакудегі ереуіл кезінде 30 адам тұтқындалғаннан кейін ондағы АҚШ елшілігі күзде болатын сайлаудың таза да әділ өтетіндігіне күмән келтіре бастады.
Әзербайжанда бірқатар бейүкіметтік ұйымдар әзірше жұмыс істеп келеді. Бірақ, әсіредіншілдер деп елді қуғынға алып жатқан Өзбекстанда, мұндай жағдайда, АҚШ қандай жолмен халықтық демократияны іске асырып, оны дамыта алар екен?
Өзбекстанда баспасөз бостандығы, тәуелсіз БАҚ жоқ десе де болады. Халықаралық бейүкіметтік ұйымдарды елден шығару жолында соңғы кездері белсенді жұмыстар жалғасуда. Тіпті, үкіметтік емес электронды БАҚ-ды дамытуға атсалысатын «Интерньюс» деген халықаралық ұйымның үстінен іс қозғалғандығы да белгілі.
Ал Әзербайжанда әзірше бейүкіметтік ұйымдар өз жұмысын одан әрі жалғастыруда. Мысалы, АҚШ үкіметі жартылай қаржыландыратын бейүкіметтік «Еурейшн Фаундейшн» ұйымы Әзербайжандағы азаматтық қоғамдық шараларға қолдау мақсатында, грант ретінде 90 мың доллар қаржы бөлді.
Вашингтондағы Карнеги жекеше саяси зерттеулер орталығының зерттеушісі Марина Оттавей, Әзербайжан мен Өзбекстан екі өтпелі кезеңді бастан кешіп отыр дейді: біріншісі, күйреген советтік одақтан тәуелсіздік алған кез, екіншісі - коммунист жетекшілерді тақтан құлатып, жаңа жас буын басшыларын сайлау кезеңі. Міне, сондықтан АҚШ үкіметі сол посткоммунистік елдерге демократия бағытында қалай көмектесу керек, тіптен көмек беру қажет пе деген сауал алдында тұр дейді зерттеуші Оттавей.
- АҚШ мемлекеттік департаменті посткоммунистік аймақтағы ол демократиялық өзгерістердің нәтижесін талдап, көріп білгені – Сербияда диктатор Милошевич тақтан құлатылды. Украинада төңкеріс дерлік жағдай болды. Бірақ, енді ол жағдайды өзге елдерге қолдануға бола ма? Міне, мәселе қайда, - дейді Вашингтондық саяси талдаушы.
Оттавейдің пікірінше, Әзербайжандағы бейүкіметтік ұйымдарға АҚШ үкіметінен көмек болары әзірше беймәлім. Себебі, демократияшыл ұйым, топтардың ауызбіршілігі байқалмайды. Бір болып, өзара ынтымақтаса кіріскенде ғана оппозициялық ұйымдар бірер табысқа жете алар еді дейді Оттавей.
Дегенмен, АҚШ посткоммунистік елдердегі оппозицияға не үшін қолдау көрсетуге онша құштар емес деген сауалға зерттеуші Оттавейдің пікірінше, екі себеп бар: бірінші қауіп, АҚШ ол елдердегі саяси ортаға тұрақсыздық әкелуден қорқады. Оған бір дәлел ретінде қазіргі Қырғызстандағы беймәлім саяси жағдай мен Сербиядағы саяси астаң-кестеңдік ақуалды келтірсе болады. Ал, екінші, Оттавейдің айтуынша, демократия дами бастаған кейбір елдерде ресми үкіметтің өзі азаматтық қоғам үшін күресіп жүрген бейүкіметтік ұйымдарға шабуыл жасауда екен.
- Көптеген елдер біршама уақыт өткеннен кейін, АҚШ-тың бейүкіметтік ұйымдарға деген көмегіне күдікпен қарап, демократияны дамыту үшін келген бейүкіметтік ұйымдарды елден шығару мәселесін көтере бастады, - дейді зерттеуші.
Нью-Йорктағы демократия және адам құқықтарын қорғайтын «Фридом Хаус» ұйымының пікірінше, Әзербайжан мен Өзбекстанға жаңа реформалар жүргізу үшін үлкен көмек қажет. Ол екі елде тәуелсіздік алғалы бері адам құқықтары аяқ асты болып келді. Бұл орайда атқарылған шаралар өте аз дейді сарапшы Оттавей.
Ал ол екі ел АҚШ-пен одақтас десе де болады. АҚШ-тың Өзбекстанда әскери базасы бар, АҚШ-тың қолдауымен Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры салынды, т.т.
- Дегенмен, президент Буш әкімшілігі өз мұрат-мақсаттарын ойлай отырып, қатардағы әзери және өзбек азаматтарының өмірлік қажеттілік, мұқтаждық жағдайларын да назардан тыс қалдырмауы тиіс, - дейді Еуразия аймағы бойынша зерттеуші Уокер.