Екі жанкештілік жарылыс АҚШ пен Ирақ күштері орналасқан базаның кіреберісінде жасалған. Онда кемінде алты ирақ әскері қаза тауып, 68 адам жараланды деп хабарланды. Екі бірдей бомба жарылысына Әбу Мұсаб әл-Зарқауи бастаған көтерілісшілер тобы айыпты деп танылып отыр. Ал Мосул қаласында жол бомбасынан үш ирақ азаматы мерт болған, оның біреуі бала.
Кеше сондай-ақ, Ирақ ұлттық қауіпсіздік министрлігі ислам жаугерлері ұрлап кетті деп күдіктелетін 44 жастағы жапон жұмысшысының өлтірілгендігін растады.
Кеше сондай-ақ, Ирақ ұлттық қауіпсіздік министрлігі ислам жаугерлері ұрлап кетті деп күдіктелетін 44 жастағы жапон жұмысшысының өлтірілгендігін растады.