Биылғы қоныстанып жатқандарға ешқандай кедергі болмағанымен, осыдан төрт-бес жыл бұрын келіп орналасқандардың арасында әлі күнге квотаға енбей жүргендері де бар көрінеді. Алдағы жылғы квотаны белгілегенде Әндіжан оқиғасының да қаперге алынуы мүмкін. Қазақстанның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Жазбек Әбдиевтің айтуынша, биылғы квота бойынша он бес мың отбасын Қазақстанға көшіріп әкелу жоспарланса, оған бастапқыда 7 миллиард теңге белгіленген болатын.
- Қазір 11 миллиард теңге бөлініп, меженің 70 пайызы орындалып қалды. Алдағы уақытта оңтүстік облыстарды төңіректей бергенше, солтүстік өңірлерге көңіл аудара бастадық, - дейді Жазбек Әбдиев.
Әбілқас есімді жігіт Шығыс Қазақстан облысына Монғолияның Қобда ауданы Бұлғын деген жерінен 1998 жылы көшіп келген екен. Енді ол туыстары болып келетін бес отбасының құжаттарын көші-қон мекемесіне тиянақтап тапсырыпты. Ал, оралман Әлия Айболованың айтуынша, Ақмола облысының Астрахан ауданына 2002 жылы Өзбекстанның Мырзашөлінен көшіп келген жеті отбасы әлі күнге дейін мемлекеттік квотаға ене алмай келе жатқан көрінеді. 2001 жылы Қытайдан Астанаға қоныс аударған Нұрболат Қамиұлының мамандығы оқытушы, ал оның әйелі дәрігер екен.
- Астана үшін қажетті мамандық иелері болсақ та квотаға ене алмай, әлі күнге ықтиярхатпен жүрміз. Азаматтығым да жоқ, - дейді Нұрболат Қамиұлы.
Нұрболат Қамиұлының 2001 жылдан бері неліктен квотаға енбей келе жатқандығын Астана қалалық көші-қон басқармасы бастығының орынбасары Бейімбет Әбіғұлұлы былайша түсіндіреді:
- Астанаға жылына Қытайдан келетін оралмандар үшін квота бойынша он орын бөлінсе, сұраныс жүзге жетеді. Нұрболат Қамиұлын білемін. Жақында келесі жылдың квотасы қаралады. Сол кезде тағы да көреміз, - дейді Б.Әбіғұлұлы.
Қазақстанның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Жазбек Әбдиевтің айтуынша, биылғы белгіленген квотаның 70 пайызға жуығының Өзбекстаннан көшіп келетін оралмандарға берілуі - Әндіжан оқиғасынан бұрын шешілген екен. Ал жақында қаралатын 2006 жылдың квотасын қарау кезінде Өзбекстандағы саяси ахуал негізге алынуы мүмкін деп отыр Ж.Әбдиев. Оның айтуына қарағанда, көші-қон комитеті бұрын жеке агенттік болып тұрған кезінде оралмандардың барлық мәселесімен айналысатын. Аталған мекеме Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің құрамына кіргеннен бері оралмандарды құжаттандырумен Әділет министрлігіне қарасты Көші-қон полициясы, оларды орналастырумен жергілікті әкімдік, жұмыспен қамтумен министрлік айналысып жатыр.
- Оралмандардың құжаттарын дұрыс толтырмауы, түрлі мекемелер арасында уақыт оздыруы - олардың өз құқықтары жөнінен уақтылы ақпарат ала алмауынан болып отыр, - дейді шенеунік.