Соңғы кезде Пхеньян алтыжақты келіссөздерге оралуға келіскен сияқты. Бірақ, талдаушылар Вашингтонның Бейжің және Сеулмен қарым-қатынасы берік пе деп алаңдап отыр.
АҚШ президенті Джордж Буш және Оңтүстік Корея президенті Нох Му-юн Вашингтонда маусымның 10-ы күні кездеседі. Бақылаушылардың айтуынша, бұл кездесу өте маңызды, өйткені қазір көп елдер Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздер басталады деп үміттеніп отыр.
Оңтүстік Кореяның ұлттық қауіпсіздік кеңесі екі ел президенттері Вашингтонда өтетін басқосуда Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мәселелерін талқылайды деп мәлімдеген болатын. АҚШ мемлекеттік департаментінің саяси мәселелері бойынша бұрынғы басшысы Митчел Рейс Азаттық радиосына берген сұхбатында, Вашингтон Нох Му-юннан аталған мәселеге орай қолдау күтенінін айтты.
- Президент Нох Му-юн Оңтүстік Корея аймақтағы күштердің тепе-теңдігін сақтау ретінде роль атқарады деп мәлімдеген болатын. Оның бұл мәлімдемесінен кейін, кейбіреулер Оңтүстік Корея АҚШ-тан алшақтануда деп түсінді. Енді президент Нох Му-юн бұл кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынасты өз қалпына келтіруге бағытталған әрекет жасауы тиіс, - деді Рейс.
АҚШ мамандарының пікірінше, Солтүстік Корея кемінде 6 ядролық бомбаға жетерліктей плутоний жасаған болуы мүмкін. Пхеньян басқа елдерге немесе террористерге ядролық материалдарды беруі мүмкін деген алаңдаушылық бар. Буш әкімшілігі осы аптада егер Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартпайтын болса, онда бұл мәселе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына берілетінін айтқан. Ал Қытай мен Оңтүстік Корея бұл әрекетке қарсы.
Рейстің айтуынша, Қытай мен Оңтүстік Корея АҚШ-тың бұл мәселені тез арада шешу пікіріне қосылмай отырған көрінеді.
- Мұның бәрі оңай нәрсе емес, табандылық пен шыдамдылық керек. Соңғы 3 жыл ішінде біз бұл келіссөздерді өткізуге тырысып жатқанымызда, Солтүстік Корея ядролық материалдарды дамытқан болуы мүмкін. Сол үшін қауіп-қатер көбеюде. АҚШ Қытай мен Оңтүстік Кореяға қарағанда бұл қауіп-қатерді көбірек сезініп жатқан сияқты. Сол үшін бұл өте үлкен мәселе, - дейді Рейс.
Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздерге АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея елдері қатысып келген. Қазіргі кезде аталған келіссөздер тоқтап қалған.