Берлин парламентінің солшыл депутаттары Ленин ескерткішін қайта орнына қоюға шақырды. Лениннің 19 метрлік алып ескерткіші Шығыс Берлинде тұрған. Ескерткіш 1991 жылы құлатылып, қазір қала сыртындағы орманда бөлшек-бөлшек көмулі жатыр. Берлин парламентінің депутаттары қаламызға жылына алты миллион турист келеді, Ленин ескерткіші олардың көпшілігіне қызық болады дейді.