Accessibility links

Түркияны Еуроодаққа қабылдаудың принциптері бойынша Еуроодақтың сыртқы істер министрлері түні бойы уәжге келе алмады


ЛЮКСЕМБУРГ. Бүгін Түркия өзін Еуроодаққа қабылдау мәселесі бойынша Брюссельмен арадағы келіссөз қашан басталады деген сауалға Еуроодақтың сыртқы істер министрлерінен әлі жауап күтіп отыр. Екі жақты келіссөз бүгін басталуға тиіс еді. Алайда Аустрия Түркияны Еуроодаққа жартылай ғана қабылдау керек деп дау шығарды. Еуроодаққа төрағалық ететін Англия Түркияны Еуроодаққа қабылдамаған күнде, мұсылман мен христиан әлемі арасындағы жік ұлғая түседі деп ескертті. Бірақ Еуроодақтың сыртқы істер министрлері бүгін Брюссельде түні бойы төтенше мәжіліс өткізіп, Түркияны мүшелікке қабылдаудың принциптері бойынша уәжге келе алмады. Өз кезегінде Анкара өзіне қосымша шарттар қойылатын болса, келіссөзден өзі бас тартатынын ескертті.
XS
SM
MD
LG