Accessibility links

Р.Эрдоган: “Түркияға Еуроодақ құрамындағы бірінші мұсылман елі болуға мүмкіндік беретін “ақылға қонатын” шешім болды...”


ЛЮКСЕМБУРГ. Еуропа одағы мен Түркия өзара келіссөзіне ресми түрде кірісті. Келіссөздің басталу салтанаты - түрік сыртқы істер министрі Абдулла Гүл Люксембургке келген соң бүгін түнде болды. Ағылшын сыртқы істер министрі Джек Стро келіссөзді бастау арқылы Түркия мен Еуроодақ – Түркияға Еуроодақ құрамына қабылданған тұңғыш мұсылман елі болуға мүмкіндік беретін “тарихи қадам” жасады деп атап көрсетті. Анкара мен Брюссель арасындағы бұл келіссөз 10 жылға созылуға тиіс. Кеше кешкісін Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Аустрияны “Түркия - Еуроодаққа жартылай ғана мүше болуға тиіс” деген райынан қайтарып, келіссөзге кедергі болған соңғы бөгетті жойды. Түркия премьері Р.Т.Эрдоган Брюссельдің бұл шешімін “ақыл болды” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG