АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Қазақстан жеріне ұшақтан түсе салысымен Қазақстан шенеуніктерінің көлігіне отырмай АҚШ елшілігінің машинасына отырды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сарапшылардың болжамдары ақталды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс АҚШ Қазақстанның әлемдік сауда ұйымына кіруіне ықпал жасауы мүмкін екендігін білдірді. Оның айтуынша, АҚШ бюджетінен Орталық Азиядағы мемлекеттерге 1,4 миллион доллар бөлінеді.
Осылайша, Орталық Азиядағы елдер арасындағы сауда тез даму үшін, олардың арасындағы заң және салық сияқты кедергілерді біртіндеп азайту көзделген, дейді сарапшылар. Кондолиза Райстың айтуынша, қазіргі Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық қарым-қатынасты тереңдету үшін, Қазақстан әлемдік сауда ұйымына қосылуы жөн. Ал, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің айтуынша, Қазақстан қоғамды демократияландыру саясатын экономика арқылы жүргізіп келеді. Қазақстанның экономика тұрғысынан алда келе жатқандығы аймақта азат, демократиялық қоғам құруға үлгі бола алады, деді ол. Осылайша, Назарбаев экономикамен саясат тығыз байланысты екендігін жеткізуге тырысты. Саясатқа тоқталғанда Назарбаев, алдағы прездиенттік сайлау әділ өтеді, деген уәде берді. Алайда, Қазақстан прездиенті Нұрсұлтан Назарбаевтің айтуынша, барлық саяси насихатты қоғам арасында іріткі салмай, заң талаптарына сай жүргізу керек. Бұл оппозицияғада басқа тараптарға да қатысты, деді Назарбаев. Сондықтан, құқық сақтау органдарының заңды әрекеттері адам құқына шектеу деп танылмауы керек, деді Қазақстан президенті.
Қазақстанда өтетін алдағы прездиенттік сайлау туралы айта келе АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс сайлаудың әділ өтетіндігінен үмітте екендігін жеткізді. Оның айтуынша, оппозиция атынан түсіп отырған үміткерлер өз шараларын өткізуге, бұқаралық ақпарат құралдарына жетуіне құқылы болуы шарт. Сайлауда болатын халықаралық бақылаушылардың ролі маңызды болады, деді Кондолиза Райс.
Назарбаевпен Райстың мәлімдемелері аяқталған соң Қазақстан президентінің баспасөз қызметі журналистерден сұрақ қойылмайды, тек мәлімдемелермен шектелеміз деген болатын. Бірақ, АҚШ журналистері сұрақ қойып үлгірді.
СNN телеарнасының тілшісі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сіздің бір қызыңыз бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалайды, екіншісі Қазақстандағы басты банкті қадағалайды, саяси оппозиция тұқындалып жатыр, осыдан келіп сіз, диктатор емес екендігіңізді қалай дәлелдейсіз, деген сұрақ қойды.
Бұл сұраққа президент Назарбаев сізге біздің оппозиция теріс ақпарат берген деп жауап берді. Менің қызым негізін қалаған «Хабар» агенттігі оның меншігі емес, мемлекеттік арна деді ол. Екінші қызым кәсіпкерлікпен айналыспайды, ағарту саласында жұмыс істейді. Ал, біздің оппозиция жемқорлықпен күрескендей болғанымен, Қазақстан сотымен жемқорлық үшін сотталған адамдарды қорғайды, деді Назарбаев. Біз екі министр мен губернаторды жемқорлық үшін соттаған болатынбыз. Олардың ұрандары әрекеттеріне қайшы келеді, деді прездиент. Сөзін жалғастыра келе Назарбаев елде оппозиция және оппозицияның бұқаралық ақпарат құралдары бар екендігін жеткізді.
СNN телеарнасының тілшісі Кондолиза Райсқа да сұрақ қойды. Оппозициялық өкілдер АҚШ-тың басты мақсаты аймақтардан мұнай жеткізу, лаңкестікпен күресу, дейді. Ал, соңғы үшінші орында демократиялық реформалар тұр. Тілші осыған қатысты мемлекеттік хатшының пікірін сұрады.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бұл сұраққа, егерде біз тек мұнайды ойласақ, пікірталас жүргізбес едік, деп жауап берді. Біз ресурстарды алуға мүдделі екендігімізді мойындаймыз, бірақ, бұл азаттықты қорғауға кесірін тигізбейді, деді ол. Мысалы, Өзбекстанда экономикалық қызығушылықпен демократиялық даму арасында байланыс көрінбейді. Бұл туралы біз, нақты айтып отырмыз, деді ол. Мен Қазақстанда оппозицияның 3 өкілімен сөйлестім, олардың айтқанын мен Вашингтондағы әріптестеріме жеткіземін, деді ол.