Accessibility links

Ресейдің Орал аймағындағы бір ауылда "құс тұмауының" вирусы табылған


Мәскеу. Ресейдің ауылшаруашылық министрі Николай Власов лабораториялық тексерудің нәтижесі Челябі аймағында табылған вирустың адам өміріне қауіпті H5N1 вирусы екендігін көрсетті деген, Ассошайтед пресс агенттігіне берген сұхбатында. Осымен Ресейдің 8 провинциясында "құс тұмауының" белгілері табылып отыр, ол жерлерде мыңдаған үй құстары жойылды. 2003 жылдан бері Азияда 60 адам құс тұмауының құрбаны болған. Канадада да "құс тұмауының" вирусы табылған.
XS
SM
MD
LG